CSCE «KOSTANAY HIGHER PEDAGOGICAL COLLEGE»

of the Education Department of Akimat of Kostanay oblast

 Was founded in 1963           

 

Bykovsky street, building 9, building 1B
Educational department: 8 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Write

News archive

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Tuesday, 18 October 2022 16:12

Табиғат-ортақ үйіміз

Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
Экологиялық тәрбие – табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру. Қазіргі кезде кейбір көшелерде қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес.

Мұндайға жол бермес үшін алдымен енді өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіне баса назар аударғанымыз жөн. Еңбектеген бала шағынан туған Отанын сүюге тәрбиелеуді қолға алу қажет. Жастайынан бойына отансүйгіштік сезімін сіңіріп өскен бала қоршаған ортасын ластамай, басқаларды да соған үндейді деп сенемін. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады. Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек.Осы мақсатта «Аманат»партиясының  Жас қанат «Жастар рухы» ұйымдастырған ЖШС «Атамекен 4+» кәсіпорнына Қостанай педагогикалық колледжінің, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының » 2-ші курс студенттрері топ жорыққа барды.Кәсіпорын  қызметкерлері болашақ педагог мамандарға топ жорық ұйымдастырып ,қоқыс қалдықтарының қайта өңеделуімен таныстырып,қоқыс қалдықтарының табиғатқа зияндылығын атап көресеті.Мысал ретінде тұрмыстық қалдықтардың табиғатта ыдырау мерзімі: темір банкалар-10 жыл, резеңке шиналар-140 жыл, пластикалық бөтелкелер-200 жыл, алюминий банкалар-500 жыл,шыны-1000 жыл. ЖШС « Атамекен 4 +» мекемесінің  басты мақсаты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп,экологиялық апатын алдын алу.Қазіргі таңда экологиялық апат,басты мәселе .Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді», демекші барша байлықтың анасы – Жер. Жерді экологиялық апатан сақтайық!

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің оқытушысы:Жолдыбаева Д.С.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


STATE SITES

Our video