Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Абитуриенттер, назар аударыңыз! 2025-2026 оқу жылында колледжге құжаттарды қабылдау басталды! Өтінішті egov.kz порталы немесе колледждің қабылдау комиссиясы арқылы беруге болады. Күн сайын сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін күтеміз, сенбі сағат 09: 00-ден 14: 00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін. Демалыс күні - жексенбі. Анықтама телефоны: 8 (7142) 26-55-25

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 05 маусымның 2025 14:58

Тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру тиімділігін бағалау: қорытындылары мен перспективалары

Қазіргі қоғам алдында нашақорлық, лудомания, буллинг, зорлық-зомбылық, вандализм, діни экстремизм сияқты бірқатар мәселелер тұр. Сондықтан жастарды теріс ықпалдан қорғап, оларға қарсы тұруды үйретіп, жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында сөйлеген сөзінде жаңа сапалы ұлт тек білім беру, ғылым мен мәдениетті дамыту арқылы қалыптасатынын атап өтті. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында 2023 жылы барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» Бағдарламасы (қазіргі атауы – «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы) әзірленіп, енгізілді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені балалар мен жастарға қандай құндылықтар сіңірілсе, ұлттың болашағы соған байланысты. Сондықтан Бағдарламадағы тәрбиелік құндылықтар елді жаңғырту ұстанымына негізделген: «Әділеттілік – принцип ретінде, жауапкершілік – негіз ретінде, прогресс – мақсат ретінде».

Әрбір құндылық оқу-тәрбие үдерісінде ай сайын, апта сайын және күн сайын жүйелі түрде көрініс табады.

Бағдарламаны іске асыру механизімдері:

- оқу-тәрбие үдерісінің барлық қатысушыларының өзара әрекеттестігі арқылы құндылыққа бағытталған және құзыреттілікке негізделген тәрбиені жоспарлауға кешенді тәсілді енгізу;

- сынып/кураторлық сағаттарды оқу-тәрбие үдерісінің толыққанды және ажырамас бөлігі ретінде анықтау;

- жалпы іс-шаралардың мазмұнын Бағдарлама құндылықтарына сәйкес байыту;

- отбасы және қоғаммен ынтымақтастық түрлерін кеңейту;

- Бағдарламаның күтілетін нәтижелеріне сәйкес тәрбие жұмысына ішкі бақылауды жүйелі түрде жүргізу.

Педагогтар деңгейінде:

- үздіксіз даму және ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру;

- Бағдарлама құндылықтарын сабақ мазмұнына үйлесімді енгізуді қамтамасыз ету;

- жобалық жұмысты оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау;

- сыныптан тыс іс-әрекет түрлерін кеңейту.

2025 жылы облыстық семинарда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың үздік әдістері, соның ішінде колледждегі музей жұмысы да ұсынылды. Сонымен қатар, бұл бағыт бойынша педагогтар С.М. Морозенко және                                 С.В. Солодова республикалық деңгейде тәжірибе жинақтады.

 

 

Отбасымен ынтымақтастық деңгейінде:

- ата-аналармен байланыс нығайтылады және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруы мен өткізуге тарту жүргізіледі;

- ата-аналар жиналыстары жаңа форматта өткізіледі;

- бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениеті артады.

Құндылықтарды енгізу әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы жүзеге асырылды.

Жобалар – бұл оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді әртүрлі профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары («Қамқор», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Шабыт», «Еңбегі адал - жас өрен», «Балалар кітапханасы»).

2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» Бағдарламасы аясында қыркүйектен маусымға дейін 115 іс-шара өткізілді, колледждің Instagram және колледж сайтында 300-ден астам жарияланым орналастырылды.

Сонымен қатар, Бағдарлама аясында колледждің дәстүрлі іс-шаралары өтті: Бірінші курс студентінің мектебі, «Ұстаз – сенің атыңа бас иемін», «Менің Отаным – Қазақстан», «Быковский 9 көшесіндегі Масленица», «Ұлы Дала Таңы» мерекелері, «Шабыт», «Жас Сарбаз», «Junior Vision song contest», «Studentvision» байқаулары, «Арман» сыйлығы.

 Студенттер мен педагогтар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық географиясын кеңейту мақсатында 10 іс-шара өткізді, қатысушылар саны 3000-нан асты.

Қосымша біліммен қамту спорт секциялары арқылы – 54 %, үйірме жұмысы – 77 % құрады, жоспарланған көрсеткіштер сәйкесінше 50 % және                         40 % болған. Спорттық жетістіктер де табысты болды. Мысалы, студенттік лига бағдарламасына 8 спорт түрі енгізілген: волейбол, баскетбол, мини-футбол, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және гиревой спорт. Барлық бағыттар бойынша нәтижелер бар, облыстық жарыстарда: баскетболдан – 2-орын, волейболдан – 3-орын. Республикалық жарыстарда: шахматтан – 1-орын, тоғызқұмалақтан – 3-орын. Қоғамдық-саяси, мәдени-бос уақыттағы іс-шараларға қатысу – 100 % құрады. Сонымен қатар, 1-2 курс студенттерінің әлеуметтік жетістіктер картасын талдау нәтижелері бойынша: халықаралық деңгей – 10, республикалық – 15, облыстық – 167, колледждік – 217. 2025 жылы 4 курс студенттері Махина Дильназ бен Ковалева Алина «Қазақстан Республикасының колледж студенттері арасындағы «ТОП-100» байқауының жеңімпаздары болды.

 Қамқоршылық кеңесінің отырысына дайындық барысында нормативтік құжаттарда өзгерістер болды: 2025 жылғы 26 мамырда Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 ««Біртұтас тәрбие» тәрбиелік бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіліп, бағдарлама енді «Адал азамат» деп аталады, колледжде 2025-2026 оқу жылына арналған басымдықтар айқындалды:

- «Адал азамат» Бағдарламасына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;

- әрбір іс-шараның мазмұнын әзірлеу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру;

- ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту және оларды бірлескен                              іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тарту (құндылықтарды бірге талқылау, балалардың дамуы мен әл-ауқаты үшін бірлескен шешімдер қабылдау).

 

 

Директордың ОТЖ  жөніндегі

                                    орынбасары 

                                                   Светлана Морозенко

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео