Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 53 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 20 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2020 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Дүйсенбі, 09 маусымның 2025 17:45

Жарқын болашаққа ұмтыл

2025 жылғы 9 маусым күні Қостанай қаласында Жастар сарайында есірткіге қарсы мамандармен бірлескен ата-аналар жиналысы өтті. Бұл шара жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі заттарының зияны туралы түсінікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Осы жиналысқа Қостанай жоғары педагогикалық колледждінің оқытушылары 1-2 курс студенттері қатысты.


Кездесуге жергілікті полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, нарколог-дәрігерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар оқушыларға нашақорлықтың зардаптары, оның құқықтық және медициналық салдары туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Қостанай облысы полиция департаментінің есірткімен күрес бөлімі қызметкері Ерадилова Айгуль Кабденқызы өз сөзінің аяғында жастай қылмыскер атанғандардың тағдыры жайлы бейнематериал көрсетті. Мамандардың айтуынша, есірткіге тәуелділік – тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Сондықтан да мұндай алдын алу шараларының маңызы зор. Жиналыс барысында студенттер нақты мысалдар арқылы маңызды ақпарат алды.

Жиналыс соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы кеңестер берілді.

Бұл кездесу оқушыларға есірткіден алшақ болудың және дұрыс таңдау жасаудың қаншалықты маңызды екенін ұғындыруға мүмкіндік берді.

Шаймагамбетова Нурганым Сулейменовна,
Демесинова Жанна Болатовна,
Қостанай жоғары педагогикалық колледжі оқытушылары

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео