Неліктен жазда менталды қайта қалпына келтіру маңызды?
Оқу жылы тек зияткерлік емес, сонымен қатар эмоционалды жүктемені де білдіреді. Сессиялар, дедлайндар, әлеуметтік қарым-қатынастар, баға үшін уайым – мұның бәрі күйзеліс деңгейін арттырады. Егер жазда дұрыс демалыс болмаса, келесі семестр басталмай жатып-ақ шаршау, мотивацияның төмендеуі және көңіл-күйдің нашарлауы байқалуы мүмкін.
Жаз – тек физикалық емес, сонымен бірге психологиялық тұрғыдан қайта жүктелу үшін таптырмас кезең. Демалыс стресстің гормоны саналатын кортизол деңгейінің төмендеуіне, когнитивті функциялардың жақсаруына және эмоционалды тұрақтылықтың артуына ықпал етеді.
Қалай уайымсыз демалуға болады? Қарапайым кеңестер.
- Өзіңізге демалуға рұқсат беріңіз. Үнемі өнімді болудан бас тарту – тыныштыққа апарар алғашқы қадам. Жазғы демалыс – «босқа кеткен уақыт» емес, керісінше қалпына келудің маңызды кезеңі. Есіңізде болсын: демалыс — бұл жалқаулық емес, өзіңізге деген қамқорлық.
- Күніңізге құрылым енгізіңіз, бірақ қатаң шектеусіз. Тәртіптің мүлде болмауы алаңдаушылықты арттыруы мүмкін. Күніңізге жұмсақ құрылым орнатып көріңіз: тұру уақыты, тамақтану, серуендеу. Бұл тұрақтылық пен бақылау сезімін береді.
- Негативті ақпарат ағынын шектеңіз. Жаңалықтар, әлеуметтік желілер немесе мазасыз тақырыптарды шамадан тыс тұтыну уайымды күшейтуі мүмкін. «Ақпараттық детокс» жасаңыз — гаджетсіз уақыт өткізіңіз немесе жаңалықтарды оқудың орнына кітап оқу, музыка тыңдау, шығармашылықпен айналысу секілді істерге ауыстырыңыз.
- Физикалық белсенді болыңыз. Қозғалыс уайым деңгейін төмендетеді. Жүзу, серуендеу, велосипед тебу, би немесе таңғы жаттығу тек денеге емес, миға да «тазаруға» көмектеседі.
- Қарым-қатынас жасаңыз, бірақ өзіңізге жайлы ортаны таңдаңыз. Жаз – әлеуметтік байланысты қалпына келтіруге жақсы уақыт. Бірақ шын мәнінде өзіңізге жеңіл және тыныш адамдармен араласыңыз. Стресс тудыратын токсикалық адамдар мен міндеттерден аулақ болыңыз.
- Релаксация әдістерін қолданып көріңіз. Медитация, тыныс алу жаттығулары, йога, арт-терапия – ішкі кернеуді азайтуға көмектеседі. Күніне бар болғаны 10 минут терең тыныс алу уайымды едәуір төмендетуі мүмкін.
- Сізді қуантатын іспен айналысыңыз. Сурет салу, музыка, кітап оқу, табиғат аясында серуендеу, жаңа хоббилер – өзіңізге ләззат сыйлайтын нәрселерге уақыт бөліңіз. Бұл миға дофамин мен серотонин – қуаныш пен тұрақтылық гормондарын шығаруға көмектеседі.
Қолдау әрқашан жаныңда
Егер уайым сізге демалыстан ләззат алуға кедергі келтірсе, көмек сұраудан ұялмаңыз.
Есіңізде болсын: жаз – тек демалыс пен сапарлар ғана емес. Бұл – өзіңізге қамқор болуға, күш жинауға және жаңа оқу жылын тыныш, демалған әрі өзіне сенімді күйде қарсы алуға тамаша мүмкіндік.
Өзіңізді күтіңіз және демалысыңызды пайдалы өткізіңіз!
Педагог-психолог: Алимбаева Д.С.
























Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі Абай Құнанбайұлы челлендж
Жасөспірімдерді қауіпті ойындарға тартудың алдын алу бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ж.
Отчет директора КГКП «Костанайский педагогический колледж» за 2021-2022 учебный год
Отчет директора КГКП «Костанайский педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области
Я выбираю Костанайский педагогический колледж!
Мен Қостанай педагогикалық колледжін таңдаймын!
"ПАМЯТЬ В СЕРДЦАХ ХРАНИМ" ПРАЗДНИЧНЫЙ КОНЦЕРТ| ДЕНЬ ПОБЕДЫ!
Помним и гордимся
Виртуальная выставка к 75 летию Победы в Великой Отечественной войне
Мен қашықтан оқытамын
Я обучаю дистанционно
"Вместе мы - команда" дистанционное обучение в колледже
Встреча российской молодежи на Казахстанско-российский форум молодежи
Чемпионат по методике WorldSkills стартовал в Костанайском педагогическом колледже
Единый подход к информатизации ТиПО
Жастар лебізі
Автору проекта "Самопознание" посвящается...
Казакстанда жастар жылы!
Қазақстандағы Жастар жылы
С ЮБИЛЕЕМ РОДНОЙ КОЛЛЕДЖ СПЕЦИАЛЬНЫЙ РЕПОРТАЖ
Қоғамдық бейнебаян "Мен сені сүйемін..."
Отчет директора по итогам 2017-2018 учебного года
Сәлем! Абитуриент!
"Астана в моем сердце..."
Стихотворение "Астана в моем сердце..."
"Инструктивно-лагерные сборы-2018". 3 отряд
"Инструктивно-лагерные сборы-2018". Отряд 2
LIFE репортаж КВН лига ПРОФСОЮЗОВ 1/4
Кружковая работа в колледже
Костанайский педагогический колледж для абитуриента
Последний звонок, долгожданный звонок…
«Солдатам Победного мая», Жакаева Кунсулу и хор КПК - "Верните Память"
«Солдатам Победного мая», ансамбль "Новое поколение"- Тёмная ночь
Конкурс «Колледжвидение-2018»
Видеолекция на тему: "Использование ИКТ в учебном процессе ТиПО в контексте новых подходов в обучении и преподавании"