CSCE «KOSTANAY HIGHER PEDAGOGICAL COLLEGE»

of the Education Department of Akimat of Kostanay oblast

 Was founded in 1963           

 

Bykovsky street, building 9, building 1B
Educational department: 8 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Write

News archive

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Monday, 04 March 2024 14:27

Мұғалімнің өз білімін жетілдіру – заман талабы

Rate this item
(1 Vote)

2023 жылғы 29 наурызда  Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Президент «Педагогтерді аттестаттауды өткізу рәсімін жетілдіру» бойынша тапсырма берген.

Осы мақсатта Оқу-ағарту министрлігі бірқатар жұмыс жүргізіп,  педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидаларын әзірледі. Алдымен "Пәндік білім" блогы бойынша тест тапсырмаларының саны 30 тест тапсырмасына дейін, "Оқыту әдістемесі" блогы  20 тест тапсырмасына дейін қысқартылды. Педагогтердің білімін бағалаудан өту үшін шекті балл төмендетілудің өзі ұстаздарға жасалған жеңілдік. Отыз жылдан астам педагогикалық өтілі бар және жаңа аттестаттау жүйесі бойынша санаты бар педагогтер біліктілік санатын растаған жағдайда біліктілік тестілеуден босатылады. Олар портфолио тапсырады. Ал,  егер олар өз біліктілік санатын жоғарлатқысы келсе, онда аттестаттауды жалпы негізде өтеді.

Жақсы жаңалықтың  бірі зейнеткерлікке шығуына 4 жыл қалған педагогтер жаңа жүйе бойынша бар санатын растайтын болса, аттестаттаудан  босатылады. Арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істейтін ЖОО түлектеріне "педагог-модератор" санаты бірден беріледі. "Өзінің білімін жетілдірмеген ұстаз- ағынсыз сумен тең" - дейді халық даналығы.  Өз білімін жыл сайын жетілдіріп отырған ұстаздың шәкірттері биік жетістікке жетері анық. Сондықтан алдағы аттестацияда ұстаздарымыздың шын еңбегін бағаланады деп сенемін

Ахат Қ.З,  директордың оқу

жұмыстары жөніндегі орынбасары

Read 550 times

1 comment

  • Comment Link Айгуль Максутовна Thursday, 07 March 2024 15:50 posted by Айгуль Максутовна

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


STATE SITES

Our video