География пәні бойынша студенттер мен оқушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды білім алушыларды қолдау, сондай-ақ жастардың зияткерлік әлеуетін практикалық қолдану үшін ақпараттық технологиялар мүмкіндігін пайдалану мақсатында Қостанай облысы мектептерінің оқушылары мен Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері арасында өткізілген «Білім жарысы» атты интеллектуалдық марафонның қорытындысы шығарылды.
Жаратылыстану -гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында Қостанай жоғары педагогикалық колледжі ұйымдастырған тарих пәні бойынша «Қазақстан –менің Отаным» Республика күніне арналған интеллектуалдық викторина өткізілді.
Жаратылыстану -гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің МКБ-12 топтың студенттерімен, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайыңда, «Қазақ ойшылдары» сабақ-экскурсия өткізілді.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында 2023 жылдың 19 қазанында АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша «Әскери-патриоттық тәрбие.
Осындай ұранмен жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері арасында фоточеллендж өтуде. Жоғары технология әлемінде жануарлардан артық дәрменсіз тіршілік иелері жоқ: жабайы немесе үй - олардың өмірі көбінесе адамдарға байланысты.
Сіздерді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткелі отырған география пәні бойынша «Білім жарысы» интеллектуалдық марафонына қатысуға шақырамыз.
Осы аптада «Қостанайские новости» газетінің жаңа саны жарық көрді, онда Костанайсого жоғары педагогикалық колледждің УПБ-22 тобының студенті Хамдиева Севда «Мисс Этно Қостанай-2023» фотобайқауына қатысып жатыр. Ол түрік ұлтының өкілін үсынып отыр.
Колледждегі оқу-әдістемелік апталықтар қызықты педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға, студенттермен де, мұғалімдермен де жұмыс істеудің әртүрлі формалары мен әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін шығармашылық процесс болып табылады.