Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« March 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Колледж бүгін

Бүгінде Қостанай педагогикалық колледжі Қостанай облысындағы жетекші техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

Колледж 31.07.2013 жылдың  № 0161336  лицензиясы негізінде келесі манмандықтар бойынша: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; 0105000 Бастауыш білім беру; 0403000  Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылығы (сала бойынша); 0402000 Дизайн (сала бойынша)  білім беру қызметін жүзеге асырады, студенттер мемлекеттік және орыс тілдерінде келесідей біліктілікті алады: 010101 3  мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі; 010501 3  Бастауыш білім беру мұғалімі; 010503 3  Бастауыш білім беру сыныптарында ағылшын тілінің мұғалімі; 040201 3  Дизайнер; 040301 3 бос уақытты ұйымдастырушы-педагог, би ұжымының жетекшісі; 040301 3 бос уақытты ұымдаструшы-педагог, халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі; 040301 3 педагог-ұйымдастырушы, сәндік-қолданбалы шеберлік ұйымдарының жетекшісі.

Студенттер контингенті 806 студентті құрайды, оның ішінде 677 студент мемлекеттік білім білім беру сұранысы бойынша, ал 129 студент ақылы түрде (оқу шығындарын толық өтеумен) білім алады. Колледжде 37 топ бар, оның ішінде 8 топ - мемлекеттік тілде, 29 топ орыс тілінде білім алады. Сырттай бөлімнің ақылы білім беру негізінде 218 студент, оның ішінде 127 студент «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында, 91 студент «Бастауыш білім беру» мамандықтарында білім алуда.

Биылғы жылы алғаш рет мемлекеттік білімділік сұранысы бойынша сырттай оқу бөліміне бюджеттік топқа студенттер қабылдау жүзеге асырылды. Қостанай педагогикалық колледжі - Қазақстан Республикасындағы сырттай оқыту бөлімінің студенттері тегін оқытылатын жалғыз мекеме.

Қостанай педагогикалық колледжі – бұл 2 оқу кабинеттері бар оқу корпусынан, акты және спорт залдарымен, кітапханасын, оқу залын біріктіретін кешен. Колледжде жатақхана мен асхана бар. Колледждің оқу үдерісі заманауи компьютерлермен жабдықтаған, 8 компьютерлік сынып және 2 мобильді сынып бар.

Колледжде 99 педагогтан тұратын шығармашыл да мықты ұжым қалыптасқан, оның ішінде 1 педагог педагогика ғылымдарың кандидаты - Уразамбетова Галия Ульмесхановна, 34 педагог – жоғары санатты, 21 педагог 1 санатқа ие, 30 – 2 санатты, 14 адам – санатсыз.

2016 жылдан бері колледж тұтасымен оқу тәрбиелік үдерісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша пилоттық жобасы әрекет ететін Қостанай облысының тірекші ұйымдарының бірі болып табылады.

Колледждің күндізгі бөлімінің барлық студенттері 2013 жылы құрылған алғашқы кәсіподақ ұйымының мүшелігіне кіредіҰжымда көптеген тамаша дәстүрлер қалыпасқан, олар: түлектер кездесуі, колледж Күнін тойлау, Ұстаздар Күні, студенттерді қабылдау, пәндік апталықтар өткізу, түлектер сайысы, педагогикалық олимпиадалар және т.б.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео