Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 18 қараша 2020 10:25

«So many countries, so many customs»

Rate this item
(21 votes)

17 қараша шетел тілдері кафедрасының Апталығы аясында «So many countries, so many customs» тақырыбында викториналық ойын өтті.

Ойынның қатысушылары Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжінің» КМҚК  1-2 курс студенттері болды. Қатысушылардың командалық құрамын айта кететін болсақ, олар –№1 және №2 мектеп бөлімдері, Өнер бөлімі және Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің үш тілді меңгерген алғыр да білімді студенттері. ZOOM платформасында өткен үштілді ойынның басты мақсаты - студенттердің ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру, колледж студенттерінің көпмәдениеттілігін дамытуға үлес қосу. Жалпы ойын 3 турдан тұрды: командаларға сұрақ-жауап, команда капитандары арасындағы жарыс және көрермендермен интерактив. Командаларға берілген сұрақтар ағылшынтілді елдердің, сонымен қоса Қазақстанның салт-дәстүріне, ұлттық рәміздер мен географиялық орналасуына, тарихына қатысты күрделі әрі қызықты, мағыналы болды. Студенттердің тапқырлығы, сұрақтарға жауап берудегі шапшаңдықтары, жан-жақты білімділігі көрермендерді таң қалдырды. Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы әрі викториналық ойынның жүргізушісі - Татьяна Леонидовнаның барлық тур бойы мүдірмей үш тілде жетік сөйлеп, жастарға үлгі болғанына куә болдық. Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы – Юсупова Алина Канабековна және «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының 4 курс студенті Маряк Динара командалардың жауаптарына байланысты ұпай сандарымен бағалап, әділқазылық етті. Ойынның жалпы ұпай санының қорытындысымен №1 мектеп бөлімінің студенттері жеңіске жетті.

Тәуелсіз Қазақстанымызда ұлттар достығы – өнеге, халықтар достығы – үлгі. Ел жастарының әлемді тануы, әр елдің мәдениетін білуі – тікелей ұстазына, қалыптасқан ортасына байланысты. Болашақта көпмәдениеттілікті дамыту іс-шаралары әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Молдахметова Г. М.,

шетел тілдері кафедрасының оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

Read 1621 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео