Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 04 сәуірдің 2018 16:05

Семинар - тренинг «Қыздардың репродуктивті денсаулығы»

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» ММ үйлестірушісі Кантореева Р.Д.

ағымдағы жылдың 4 сәуірінде колледждің 1 курс студенттеріне қыздардың дене және психологиялық денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу, респродуктивті денсаулықты сақтау сұрақтары аясында тақырыптық семинар – тренинг өткізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының анықтамасына сәйкес, «репродуктивті денсаулық дегеніміз – репродуктивті жүйеге қатысты адамның өзін нашар сезінуі және аурудың болмауы ғана емес, ол денсаулық процесі мен қызметінің физикалық , ақыл – ойдың, әлеуметтік игілік күйі».

Репродуктивті денсаулық жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі және адам дамуында орталық рөл атқарады.  Бүгінгі күні жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы – мемлекетіміздің басымдығы болып есептеледі.

«Қыздардың репродуктивті денсаулығы» семинар – тренинг аясында анкеталар, қыздардың денсаулығына әсер ететін факторлар жайлы тұсаукесерлер, контрацепция әдістері, жыныстық қатынас арқылы берілетін ВИЧ/ СПИД ауруларының алдын алу профилактика әңгімелері жүргізілді. Тренинг жұмыстарына белсене қатысқан студенттерге мадақтамалар берілді.

Репродуктивті денсаулықты сақтау семинар – тренингтер мен әңгімелесу жұмыстары кураторлық сабақтарда және мамандармен кездесуде өз жалғасын таппақ.

Медициналық қызметкер Жаманова К.К.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео