Жас педагогтар арасындағы жыл сайынғы "Дарынды балаларға - талатты үстаз 2019" байқауы, оның ұйымдастырушылары колледждің әдістемелік қызметі мен музыка кафедрасы, бұл жаңа бастаушы педагогтардың өміріндегі маңызды оқиға, барлық педагогтар үшін жаңа ынталандыру, оқытуды жетілдіру жолдарын шексіз іздеу болып табылады.
Байқауға дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Сушко Татьяна Сергеевна, хореография оқытушысы Протопопова Асель Сериковна, биология пәнінің оқытушысы Балаканова Альбина Есбулатовна, ағылшын тілі оқытушысы Есеметова Қымбат Қаржауовна және информатика оқытушысы Бекболатов Ербол Кенжебаевич қатысты. Сайысқа қатысушыларды Жанарстанова Дина Булатовна - Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты оқытушы, Нуртаза Ельжас Тулюханулы - "Білім-инновация" лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, Сагумбаева Айдана Сатжановна- музыка кафедрасының оқытушысы, "Дарынды балаларға-талантты ұстаз 2018" конкурсының жүлдегері бағалады.
Қатысушылар визит карточкаларын және "сабақтың өзіндік басталуы" немесе "сабақтың өзіндік аяқталуы"мастер-классын ұсынуы тиіс болды. Жас педагогтардың баяндамаларының қорытындысы бойынша нәтижелер төмендегідей:
- Балаканова А.Е. – «Шығармашылық көзқарас» номинациясы
- Сушко Т.Е.- «Өз ісінің шебері» номинациясы
- Бекбулатов Е.К. – 3 орын
- Есеметова К.К. – 2 орын
- Протопопова А.С.- 1 орын
Байқауға қатысушылар грамоталар, естелік мүсіндер, сыйлықтар алды. Байқауда музыка кафедрасының оқытушылары мен "Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық"мамандығының студенттері өнер көрсетті.
Директордың ОӘЖ орынбасары
Жунусова К.С.