Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 20 мамырдың 2019 14:02

Табиғи дарын иесі

Мамыр айының 17 – ші жұлдызында АК- 11 тобы  Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілген Әбдірахман Серғалиұлы Досовпен кездесуде болды.

Ә.С.Досов Қостанай облысының белгілі ақыны, талантты аудармашысы, халықаралық аудармашылар және басқа да республикалық,  облыстық әдеби байқаулардың лауреаты , облыстық Меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының бірнеше мәрте жеңімпазы, 6-ға жуық кітаптың авторы. Кездесу ақынның керемет өлеңімен басталып, одан әрі өз шығармашалығы мен өмірі жайлы сыр шерткен сұхбатпен жалғасты. Сұхбат барысында ақын өзінің Челябі қаласында дүниге келгенін ескере отырып, ыстық өлке , жақыны жерленген топырақты сағынғанын жасырмады. Деседе , Ә.Серғалиұлы жерлестерінен  жылы лебіз , шығармашалығына қолдау сезінетінін айтты. Ә. Серғалиұлы өз шығармалары арқылы қазақ халқының мәдениетін жеткізуге тырысады. Менің ойымша , ақынның бұл әрекеті бұрыннан жүзеге асты. Өйткені , Ә.Серғалиұлының өлеңдері, аудармалары Ресей жерінде де өте танымал.Ақын 80-жылдардан бастап Қостанай қаласында тұрады. Дәл сол 80- жылдарадан күні бүгінге дейін ақынның еңбектері таралып келеді. Ә.Серғалиұлы сұхбат үстінде шығармаларын басып шығаруға алғашқы кезде жағдайы болмаған қиын кездерді еске алды. Алайда , ақынның дарынын аудармашы А.Шаяхметов байқап , аудармаларына редакторлардың қызығушылық танытуына себепкер болады. А.Шаяхметов оңтүстікті алмаса, солтүстікте Ә.Серғалиұлы сияқты аудармашы жоқ дей отыра , ақынды «қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетін байланыстыратын алтын көпір» деп атаған. Шыныменде , қазақ әдебиеті туындыларына қызығушылық танытатын , бірақ, қазақ тілін білмейтін адамдарға Ә.Серғалиұлының аудармалары көп көмек берді. Сол арқылы әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері оқырмандар көңілінен шығып, үлкен бағаға ие болды. Ресейде ақын тек өзінің өлеңдері мен аудармалары арқылы ғана емес , өз өлеңдерінің сөзіне жазылған жан тербейтін әуезді әнмен де танымал. Бұл бағытта Ә.Серғалиұлының Ресейде тұратын туған жиені Мұрат Макиннің еңбегі зор. М.Макин ақынның өлеңдеріне ән жазып, керемет туындыларды өзі орындайды. Кездесуге өлең сүйер жастардан бөлек ақынның достары , таныстары , 5 кітабын басып шығараған редактор келді. Олардың ішінде А.С.Денисов, Ю.Я.Бондаренко , А.Ильинична және т.б. ақынның ерең еңбегін айтып , өз лебіздерін білдірді.

Бұл кездесу біз үшін өте танымды болды.Өзіміз үшін жаңа есімдер ашып, қазақ әдебиетінің ұлылығын түсіндік. Ә.Серғалиұлының жақын арада атап өтілген 70 жылдық меретойы мен «Қазына» сыйлығының жеңімпазы атанғанымен құттықтап , ұзақ ғұмыр мен шығармашылығын сүйер оқырмандар тілейміз!

 Адылханова Альфия

Ак-11 тобы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео