Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 02 қыркүйек 2019 17:46

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы

Rate this item
(1 Vote)

Бүгін, 2019 жылғы 2 қыркүйекте, Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында мемлекетіміз Парламентінің бесінші сессиясы ашылып, онда Қасым-Жомарт Тоқаев Президент

ретінде алғаш рет халыққа Жолдауын арнады, ол еліміздегі жағдай мен сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары жайында баяндап, Парламент мүшелері, атқарушы билік органдары, тұтастай  қоғам үшін алдағы кезеңге  еліміз дамуының мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді.    

Біздің колледждің педагогикалық ұжымы мен  студенттер қауымы  Президентімізді зор ықыласпен тыңдап, парламент пен үкіметке жүктелген әрбір тапсырманың артында мемлекетіміздің өз азаматтарына деген үлкен қамқорлығын сезінді.    

Студенттерімізді мемлекет басшысының «Ауыл- ел бесiгi» бағдарламасы қызықтырды:  неге десеңіз, қосымша қаражат бөлініп, ол инфрақұрылымдық, ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру мәселелерімен қатар, жөндеу, мектептер, ауруханалар мен спорт алаңдарын салуға жұмсалатын болады.  Біздің колледждегі білім алушылар арасында  ауыл мектептерінің түлектері көп, олар елге қайтқысы келеді және ауылдық жерлерде жақсы өзгерістер болатынына сенеді.  

Президенттің қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұқтаждықтарына шұғыл жауап қату сынды идеялары көңілге қуаныш ұялатады, ал мемлекет басшысының бастамасымен  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы ел азаматтарының өзекті мәселелерінің  тез арада шешілуіне мүмкіндік бермек. 

Біздің ұжым үшін   қазақ елінің ұлы тұлғалары туралы   Президенттің:   «Біз келесі жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абайдың 175 жылдығын атап өтеміз. Мерейтойларды біз ешбір даңғазасыз және артық шығынсыз, Әл-Фараби мен Абайдың ұлы еңбектерін халық арасына кеңінен насихаттай отырып тойлауымыз қажет» деген сөздері маңызды болды. Колледж педагогтері үшін – бұл болашақ білім саласы қызметкерлеріне  аталған ұлы тұлғалардың идеяларын жеткізу қажеттігін аңғартады.

Өзекті міндеттердің бірі құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалау болып табылады. Мемлекеттің күш қолдану құралы ретіндегі полиция бейнесі өткеннің еншісінде қалмақ. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  қызметін көрсету органы болады, бәріміз үшін қауіпсіздік аса маңызды: бұл отбасындағы  тыныштық, балаларымыздың көшедегі және қоғамдық орындардағы  қауіпсіздігі,  бұл- алаңсыз және жиі саяхаттау, Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін, тұрмысы мен дәстүрлерін, табиғаты мен туған өлкені зерделеу  мүмкіндігі.  

Қауіпсіздікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс етене тығыз байланысты,  Қасым-Жомарт Тоқаев «сыбайлас жемқорлық қылмысына ұрынған ведомствоның бірінші басшысының жауапкершілігін заңды түрде  реттеуді» талап етті. Президент Жолдауы толығымен ел азаматтарына қамқорлық танытуға арналған: бұл-тұрғын үй салу және жөндеу, медициналық қызмет көрсету және сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және аз қамтылған   отбасылар мен балаларды қорғау, сондай-ақ әрқайсымызға қатысты өзге де мәселелер.

Г.У.Уразамбетова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК директоры

Read 954 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео