Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сенбі, 31 тамыз 2019 16:20

Жаңа оқу жылының басты бастауы

Rate this item
(1 Vote)

2019 жылы 31 тамызда колледжде "Білім беруді жетілдіру бойынша педагогикалық ұжымның қызметін талдау және 2019-2020 оқу жылына колледж жұмысының жетістіктері" атты педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңесте колледждің оқу-әдістемелік жұмысының есебі (Жунусова К. С.), жазғы практиканың қорытындысы (Ахат К. З.), оқу жұмысының жинақтау-талдауы (Султанова Г. Е.) тыңдалды. Педагогикалық кеңес мүшелері студенттерді келісім шарт негізіндегі топтардан бюджеттік негіздегі топтарға ауыстыру бойынша сұраныс хаттар мен өтініштерді қарастырды. Бірінші мәселе бойынша шешім қабылданды: студенттерді курстан курсқа (жазғы практика қорытындысы бойынша), топтардан шарт негізінде бюджеттік (педкеңес мүшелерінің өтініштері мен дауыс беру қорытындылары бойынша) ауыстыру, сондай-ақ колледж жұмысының негізгі бағыттары бойынша қанағаттанарлық баға туралы қорытынды жасалды.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Д. Н. Мынжасарова талапкерлердің құжаттарын қабылдау кезіндегі жұмыс сапасы туралы ақпарат және мамандықтар бойынша 1 курсқа қабылдау туралы есеп берді, бірінші курс кураторларының назарларын жаңа қабылдау құрамының сапалы қамтамасыз етілгеніне және контингенттің сақталуы бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу қажеттігіне аударды.

Колледждің 2018-2019 оқу жылындағы қаржы  қорытындысымен педагогикалық кеңестің мүшелерін бас бухгалтер Э. В. Ибрагимова хабардар етті. Оқу жылының соңында колледж оқу және әдістемелік әдебиеттерді сатып алды. . Кітапхананың кітап қорын толықтыру туралы кітапхана меңгерушісі Т. А. Швец ақпарат берді.

Колледж әдіскері Н. В. Колесникова 2019-2020 оқу жылына арналған колледждің оқу-тәрбие жұмысының жоспарын ұсынды. Ол жоспар білім беру саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде және өткен оқу жылындағы колледж жұмысының есеп-талдауы негізінде жасалғанын атап өтті. Ұжым колледж жоспарына енгізілген негізгі бөлімдер, қосымшалар туралы жоспармен жұмыс істеуге бағытталған. Колесникова Н. В. ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, колледждің оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекітуді ұсынды.

Педагогикалық кеңесте 2019-2020 оқу жылында колледж педагогтарын аттестаттау рәсімін өткізу үшін аттестаттау комиссиясы мүшелерінің тізімі бекітілді, оны кадр бөлімінің меңгерушісі К. Т. Кушенова ұсынды.

Педагогикалық кеңестің соңында ұжым қалалық, облыстық және республикалық тамыз конференцияларының ақпараты мен ұсыныстарын тыңдады.

Директордың ОӘЖ орынбасары

Жунусова К.С.

 

 

Read 562 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео