Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 28 қазан 2019 16:36

Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт денсаулығын сақтау

Rate this item
(68 votes)

 Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн.

Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның, қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Аталмыш мәселе бойынша колледждің  №1 мектеп бөлімінің 1 курс студенттері үшін «Дұрыс тамақтану» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шарада 3-4 курс студенттері тақырып бойынша зерттеу жұмыстарымен сөз сөйледі. Баяндамашылар Садыкова А., Тулепова А., Пшембаева Д., Казионова В., дұрыс тамақтанбаудың зияндығын айтып, статистика, мектеп оқушыларынан сұхбат алынып сондай-ақ, студенттер арасында сауалнама жүргізілгендігін атап өтті. Дөнгелек үстел барысында бейнебаяндар көрсетіліп және дөңгелек үстелге қатысқан студенттер «Мектеп окушыларының» ас мәзірін құрастырды.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.Сондықтан әрқашан дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып жүрейік.

1 және 4 курс топтарының жетекшілері

Л.А. Сейлова, А.Е.Ералина.

Read 2032 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео