Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 08 қараша 2019 08:46

Дайындық көрсеткіші

Rate this item
(1 Vote)

 Қостанай педагогикалық колледжінің қабырғасында өндірістік машықтамаға дайындық, әрі машықкерлердің білім, біліктілік дағдыларын арттыру мақсатында, М-31 тобында көрсетілім ашық сабағы болып өтті. Сабақтың бір ерекшелігі 2-сынып қазақ тілі пәні бойынша, әдіскер Абдулина Г.З.

басшылығымен М-31 тобының студенті Ещанова Ақерке сабақ жүргізді. Сабақтың қонағы директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ахат К.З қызы болды.Сабақта көзделген мақсатқа жетуге бағытталған әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, заманауи сабақ талаптары толық орындалды. Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында, «Бір қадам алға», «Амандасу түрлері» қолданылса, «Тірек сигналдар», «Проблемалық оқыту», «Дамыта оқыту» технологияларын қолдану балалардың ой-өрістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру көзделген болатын. Сабақ барысында бейнелеу өнері, өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу пәндерімен байланыс жүргізіліп, балалардың тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыруға және колледж талаптарын сақтауға зор мүмкіндік берді. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қалыптастырушы бағалаумен қатар, топтағы ең ақылды, ең тәртіпті, ең белсенді оқушылар жеңімпаз атанды. Студенттердің сабақтан алған әсерлері жоғары болды. Болашақта өз қоржындарына тәжірибе жинақтады.

 Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Абдулина Г. З.

 

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео