Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 28 қараша 2019 14:52

Елін сүйген – Елбасы

Rate this item
(79 votes)

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи  таңдау күні барлық  қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  төңірегіне  топтасу күні.

 Тәуелсіздік пен бостандықтың  игі мұраттарынан баянды етіп,өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік,қайраткерлік,  азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған. Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенттің ел тәуелсіздігін нығайтудағы, халықаралық аренада мемлекет беделін көтерудегі еңбегіне ризашылық білдірген хаттар,  төрткүл дүниеде журналистер қауымы жарыса жақсылап жазып, әділ бағаларын беруде. Қазақтың бағын жандырушы, алаш балаларының маңдайына біткен   «алтын жұлдыз» іспеттес.

 

Кешегі бала, бүгінгі Президент, Елбасы қасиеттері… Бұл «есті патшаның бойында алты әулиенің қасиеті болады» дегенге солды Шығыс аңыздарында Елбасы Алматы облысында, Қаскелең ауданы Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан атты карапайым шаруалардың отбасында дуниеге келген.

 

...«Мына Алакелдінің жотасына бір  қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға  Елбасының балалық шағынан бозбалалық шағына дейін Шамалған ауылында өсті. Сол кезеңдегі көптеген қиындықтарды басынан өткерді. Кедейліктің, сол заманғы қиындықтың ащы дәмін татты. Жер аударылып келген шешен, орыс, украин, халықтарымен бір нанды бөлісіп жеп, тату-тәтті өмір сүрді. Бұл қасиет қазіргі таңда, жүз отыздан аса ұлтты ел болуымыз, балалық шағының бір парағы іспетті.

 

Білімге құштарлығы сол балалық сәби кезінде-ақ қалыптасты.Өте еңбекқор, мінезі де өте жақсы, биязы, мейірімді, көмекке зәрулерге әрдайым қасынан табыла кетеді екен. Мектеп қабырғасында жүргенде кітап оқуға қашан  болмасын, уақыт табатын көрінеді.

 

Елбасы мектепті күміс медальға бітірген Ең алғаш «еңбек жолын қарапайым металлург болып бастаған жігіт қалай Елбасы болды?» — десе, өзіне тән табандылығы, шыншылдығы, еңбекқорлығының арқасы. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер  атқарды, партком хатшысы, Қазақстан КП Орталық комитетінің  хатшысы болды. 1984 жылдан 1989 жылға дейін Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы. Ал,1989-1991 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы, 1990ж сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті. 1991жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

 

Ең ескерер жәйт, ол Қазақ жерінің астын талқандаған Семей полигонын жабу және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бір аспан астында өмір сүруді жөн санады, Халық Ассамблеясын құру, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер одағына кіру, ең бастысы «EXPO-2017» көрмесінің  Қазақстанда өтуіне ықпал еткен бір ғана Елбасымыздың сындарлы саясаты екенін білемін. Сөзі мен ісінде алшақтық жоқ саясаткер Елбасы арқасында дамушы ел ретінде алдына қойған миссияларын абыроймен орындап келеді. Ол кісі бейбітшілікті сүйетін тұлға, өз сөзінде «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік »дегенді ұстанады. Жалпы, Елбасымыз Ұлт Көшбасшысы – қазақ ұлтына және мемлекетімізге байланысты қандай мәселені болсын, соңына дейін шешуге талпынатын табанды саясаткер. Бір қоғамнан келесі қоғамға ауысар, осындай өтпелі кезеңде маңдайына Назарбаевтай  нар тұлға көшбасшы бұйырғанын Қазақстан халқы мақтан тұту керек.

 

1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылы 30 желтоқсанда жарияланды. Оның аясында көптеген мұражайлар мен ескертіштер қалына келтірілді. Сол кезден бастап елде әр 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткізіледі. Қазақстанның тарих ғылымындағы келесі ірі оқиғалардың бірі — 1997 жылдың 10 желтоқсанында шыққан ҚР Президентінің қаулысымен «1998 жыл — Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. Қаулы аясында, республикалық ономастикалық комиссияға жерді-мекендердің атауларын ретке келтіру, облыстық және, Ақмола мен Алматы қалаларының тарихи маңыздылығы бар ескерткіштерді қалпына келтіру және құрастыру бойынша іс-шараларды орындау сияқты тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, көптеген археологиялық экспедициялар, деректерді жинақтау бойынша шетелдік іс-сапарлар, мерейтойлық мерекелер өткізілді. 2003 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны ұсынды. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан тарих ғылымында ол ең ірі құбылыстардың бірі болып саналады .Ал 2012 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жұмысын жалғастыру жайлы ой-тұжырым айтып, 2014 жылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны ұсынды. Қазіргі таңда 2014–2016 жылдарға арналған «Халық тарих толқынында» атты тарихи зерттеулер бағдарламасы жүзеге асуда, ол отандық тарих ғылымының дамуындағы келесі қадам болып табылады.

 

 Филология кафедрасының оқытушысы

 

Сейлова Ляззат Алдабергеновна

 

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео