Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жұма, 29 қараша 2019 10:27

Жаңартылған білім беру мазмұнын жаңарту шарттарында инновациялық тәжірибенің рөлі мен орны

Rate this item
(2 votes)

Қостанай педагогикалық колледж қабырғасында «Жаңартылған білім беру  мазмұнын жаңарту шарттарында инновациялық тәжірибенің рөлі мен орны»  тақырыбы аясында әлеуметтік серіктестермен бірлескен шеберлік сыныбы өткізілді.

Негізгі мақсаты: Сапалы білім беруде жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарды түрлендіру, оқулықтар, бағалау критерийлері, дескрипторды құру жолдарымен ой бөлісу, пікір алмасу. Инновациялық білім негіздерін терең меңгерту болып табылады. Шеберлік сыныбына қаламыздағы мектептердің ең үздік деп танылған мұғалімдері ат салысты. Жеке атап көрсететін болсақ: Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Султанова Алмагуль Еркебулановна, М.Хәкімжанова атындағы №20 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумасаева Бибигуль Сагандыковна, Қозыбаев атындағы №23 мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Богатырева Елена Васильевна, Бучина Раиса Александровна, Труханова Ольга Ивановна,  №24 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Дуненбаева Ботагоз Каратаевна, Ахметова Шолпан Бурабаевна. Аталған қонақтар «Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау», «Активные методы обучения в начальной школе», «Критериалды бағалау жүйесіндегі дескриптор құрудың маңызы» тақырыптарында сөз қозғап, студенттермен ой бөлісті. Түрлі жаңашыл әдістермен таныстырды. Оған қоса студенттерді топтарға біріктіріп, практика жүзінде ұйымдастыра алды.

Ерекше атап өтетін жұмыс колледжіміздің түлектері Труханова Ольга Ивановна, Богатырева Елена Васильевна, Бучина Раиса Александровна қорғаған «Особенности построения учебников в условиях ОСО на платформе» тақырыбындағы жұмыс көзге түсті. Ұстаздардың жасап шығарған авторлық оқулықтары көп еңбектің, шыдамдық пен ізденушіліктің айқын көрінісі. Ұсынылған оқулық бастауыш сыныптарға арналған. Оған қоса жұмыс дәптерімен де қамтылған. Республикалық деңгейде қорғалған жұмыстардың бірі.

Шеберлік сыныбы студенттеріміздің көңілдерінен шығып, сөз соңын директордың оқу- өндірістік  практикасының орынбасары Ахат Камар Закарияқызы қортындылады. Келген қонақтар алғыс хаттармен мадақталды.

Өткізілген іс- шара әр қатысушы үшін пайдалы, әрі болашақ ұстаздарға алға басар қадамдарында тіреу болады деген сенімдеміз.

Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Бейсенбаева Г.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео