Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 18 желтоқсан 2019 09:33

Заман талабы – рухани-адамгершілік тәрбиесі

Rate this item
(3 votes)

«Барлық ғылымдар бір-бірімен байланысқаны соншалық, оларды бөлек оқудан гөрі бірге зерттеу оңайырақ»

Рене Декарт

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі – қазіргі білім беру жүйесінің абзал міндеті болып табылады. Сол себепті қазіргі уақытта әр балаға құндылық бағдарын меңгеруге «Өзін-өзі тану» сабақтары көмектеседі.

Біздің колледжімізде «Өзін-өзі тану» пәнімен ең үздік біріккен сабақ» сайысы 2019 жылдың 15 қараша мен 15 желтоқсан айы аралығында өткізілген болатын. Бұл сайыстың негізгі мақсаты – әр мұғалімнің өз сабақтарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының идеяларын қалай қоланатынын көрсету болды.

Мен де, жас маман ретінде сайыста өз бағымды сынап көрдім.

Ашық сабақ 5 желтоқсан айында психология пәні бойынша «Жас ерекшелік психологиясына кіріспе» тақырыбында өткен болатын. Сабақта «дұрыс әрекет» құндылығын дарытуға тырыстым.

Студенттердің ынтымақтасып жұмыс істеуіарқасында алға қойған мақсат-міндеттерімізге жеттік. Сабақ барысында ақпаратпен жұмыс жасау, оларды талдау, жалпылау, қорытынды шығару әдістерін тиімді етіп қоландым.

«Өзін-өзі тану» пәнінің сыртқы интеграциясын қолдану барысында, студенттерге ең ұнағаны – топпен өлең айту. Сабағымызда уақыттың зымырап өте бара жатқанын, уақытты тиімді етіп пайдалану туралы, босқа жұмсамай, жасаған істерімізге жауапкершілікпен қарау керектігі туралы әңгімелестік. Осы «уақыт» тақырыбында Ю.Шатуновтың «Детство» өлеңін айтқан болатынбыз.

Және сабақ соңында Үнді философы Махатма Гандидің «Әр адам белгілі бір борышпен дүниеге келеді, және әр адамның тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар»деген сөзімен аяқтап, өз сәулелерімізді тек жақсы игі істерге апаруымыз керектігін айттым.

Осылайша «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының идеяларын қолданып, жас буынның санасында рухани-адамгершіліктіңнегізін қалыптасыру арқылы оларды болашақта ұлы істерді жасауға жетелейміз деген үміттемін.

Мынжасарова Д.Н.

оқытушы

Read 637 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео