Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 10 қаңтардың 2020 14:50

Ақыл-адамның рухани қаруы

Ғылыми студенттік қоғам аясында " Не? Қайда? Қашан?" ойыны өтті. Ойынның мақсаты: студенттердің гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми циклдерінің пәндеріне танымдық қызығушылықты арттыру, логикалық ойлауды дамыту, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.

Қысқы ойындар сайысына жас педагогтар, жаңадан қабылданған мамандар мен білімпаз студенттер қатысты. Ойын қатысушылардың білімін, шапшаңдығын және ой-өрісін анықтауға бағытталды. Сұрақтар әртүрлі: логикаға, тапқырлыққа, байқаушылыққа, күтпеген және әзілдерге толы болды. Студенттер де, оқытушылар да белсенді түрде дайындалып, ұйымдастырылды: өздерінің кең ой-өрісін, тез және нақты ойлау қабілетін көрсетті.

Қазылар алқасының мүшелері оқытушылар командасын (Айнаш Мусабаевна, Ирина Владимировна, Айсауле Буыржановна, Алина Канабековна, Адиль Есболатович, Жалгас Алмасович, Наргиз Жанибековна) және студеттерді (Ахетова Динара,  Батырханова Асем, Макатова Каракуз, Гробовенко Полина, Пшембаева Динара, Блялов Даурен, Актюренов Алихан) мақтау қағаздарымен марапаттады

Әдіскер Баекенова С.А.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео