Семинарға қатысушылар емтихан материалдарын рәсімдеу және колледж мамандықтарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау мазмұнын құру талаптарымен танысты.
Кафедра меңгерушілері әдістемелік ұсыныстар алды, олар нақты мысалдармен сүйемелденді, өздерін қызықтырған сұрақтар қойды, даулы мәселелерді шешті.
Семинар қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды: кафедра отырыстарында 2020 жылдың 24 қаңтарында кафедралардың барлық мүшелерінің ұсыныстары мен талаптарымен таныстыру, 2020 жылдың 01 наурызына дейін тексеру үшін колледж студенттерін қорытынды аттестаттауға, 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін аралық аттестаттауға қажетті материалдарды дайындау.
Жунусова К.С., директордың оқу-әдістемелік
жұмысы жөніндегі орынбасары