Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сенбі, 08 ақпанның 2020 13:23

Кәсіптік сапалы білім беруді қамтамасыз ету – арнайы пәндер оқытушысының кәсіби біліктілігі

Rate this item
(11 votes)

Арнайы пәндер оқытушысының кәсіби біліктілігі, оның педагогикалық қызметіндегі кәсіби және жеке басы қасиеттерінің жиынтығында. Кәсіби білікті оқытушы – өзінің педагогикалық қызметін әжептәуір деңгейде іске асыру, оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде тұрақты жоғарғы нәтижелерге жетуі. Кәсіби біліктіліктің дамуы – ол өз бетінше шығармашылық өсуі,

енгізілген жаңа педагогикалық жаңалықтарға қабілеттілік қалыптастыру, өзгермелі педагогикалық ортаға икемделу. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық және рухани өсуі, педагогтың кәсіби деңгейіне байланысты.

Қазіргі кездегі білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер оқытушының өз кәсіби біліктілік – іскерлік деңгейін көтеруге мәжбүрлейді.

Қазіргі кездегі білім берудің негізігі мақсаты – болашаққа қажетті жаңа әлеуметтік қоғамға икемделген қабілетті, жан - жақты дамығын, білікті, өз отанымызға қызмет ететін  азаматтарды даярлау. Білім және тәрбие беру процестерін жаңаша ойластырып, өз жұмысында озық технологиялық оқыту әдістерін игеріп қолдануы, кәсіптік біліктілігін арттырып, педагогтың алдына қойған мақсаттарына жетудің кепілі. Сол себептен қазіргі уақытта шығармашыл түрде ойлайтын қабілетті, тез екпінмен өсіп келе жатқан, жеке тұлғаға тәрбие бере алатын қабілетті оқытушыға сұраныс күрт өзгерді.

Жаңа талаптарға сай кәсіби білікті оқытушының негізгі даму жолын анықтауға болады:

Әдістемелік бірлестік және шығармашылық топтарда жұмыс істеу

Зерттеушілік қызмет

Жаңа педагогикалық технологияларды игеру

Педагогикалық сайыстар мен фестивалдарға қатысу

Өз педагогикалық тәжірбиесін тарату

АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технологияларды) қолдану және т.б.

Өзінің педагогикалық тәжірбиесіне талдау жасау, оның кәсіби өсуін тездетеді.

Осының нәтижесінде зерттеушілік дағдысы өседі, кейін педагогикалық қызметімен бірігеді. Оқытушыны өзінің жұмыс істеп жүрген жерінің даму процессіне қалыптастыру, қызықтыру қажет.

Кәсіби біліктіліктің қалыптасу кезеңдерін айқындауға болады:

Өзін – өзі талдау және қателікті жете түсіну

Өзінің дамуын жоспарлау – мақсатын, міндетін, шешім шығару жолдарын анықтау

Өзін көрсете білу, талдау, түзете білу сынды қабілеттерді игеруі қажет.

Кәсіби біліктілікті қалыптастыру – маңызды мәселелердің бірі. Себебі, педагогикалық қызмет барысында әрдайым өз мамандық шеберлігін арттыру және осы кезеңдер қайталанып отырады. Өзін – өзі дамыту процессі, әлеуметтік және өзіне тән дербестікпен сапалы түрде өз өмірін ұйымдастырады. Оқытушының кәсіби біліктілігін көрсететін ерекше зат – оқытушының портфолиосы. Портфолио, ол оқытушының кәсіби қызметінің бейнеленуі. Оны құру, өзін – өзі бағалау және өзін – өзі жан – жақты дамыту. Іргелі ғылымның негізінде жас мамандар ғылым саласында республикалық сыйлықтардың иелері болып, өз елінің ғылыми дамуына үлес қосуда. Кез келген мемлекетте іргелі ғылым сол мемлекеттің басымды даму күші. Қорытындылай келе, кәсіптік білім беруде, арнайы пәндер оқытушылары 21 ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлға ретінде көрмін. Оқытушыларымыздың қажырлы еңбегі еліміздің жан-жақты дамыған және бәсекеге қабілетті азаматтарын даярлауға негіз болатынына сенімдімін.

Айсауле Таскенова

Тілдер кафедрасының

ағылшын тілі оқытушысы

 

Read 1959 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео