Акцияның өткізілуінің мақсаты – оқытушылар мен студенттер хал – жағдайын біліп , ізгі тілектерін жолдау, бойындағы адами қатынастарды дамыту, студенттер мен оқытушылардың қызығушылықтары мен шығармашылығына қолдау көрсету болып табылды. «Сәлем хат" жолдауға Қостанай педагогикалық колледжінің 1 – 4 курс студентттері мен оқытушылары белсене ат салысты. Іс – шараны өткізу туралы мәлімет афишалар мен әлеуметтік желілерде жарияланып, студенттер мен оқытушыларды хабардар етіп, кезекші топ іс – шараны өткізу жайлы ескерткен болатын. Акция қатысушылары арнайы жәшікке өз тілегі мен ыстық ықыласын қалдырды. Аталған іс – шара студенттер бойында қайырымдылық ізгілік, қолдау көрсету, алғыс айта білу қасиеттерін дамытуға септігін тигізді деген сенімдеміз. Ералина А.Е., Демесинова Ж.Б.
М-31, М-41 топ кураторлары