Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 25 ақпанның 2020 15:25

«Абай Құнанбаев тағылымдары»

Rate this item
(7 votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 қаңтар күні "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарық көрген болатын. Сол мақалада қазіргі таңда маңызды жобаның бірі – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару керек екенін айтылды.

Атап айтсақ, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржімаланады. Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және "Абай" телесериалы түсірілуі керек екенің, сонымен қатар біршама жұмыс жасау керектігін алға тартты. Осы орайда колледжіміздің «Педагогика және психология» кафедрасы ақпанның 20 жұлдызында көптеген іс – шаралар ұйымдастырды. «Негізгі мақсатымыз: студенттерді ұлы ақын, композитор, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, білімдерін шындау және дәріптеу». Бұл атаулы күн колледж басшылығы мен оқытушыларына Абай атамыздың нақыл сөздері, 45 қара сөзінен үзінді жазылған тілше сыйлаудан бастау алды. Салтанатты түрде ашылу өткізіліп, Абай өлеңдері оқылды, күн тәртібімен таныстырылды. Күні бойы ақын Абайдың афоризмдері 1 қабаттағы теледидардан көрсетіліп, сонымен қатар «Абай мұралары көрмесі» орналастырылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сушко Т.С. басшылығымен «Тоғызқұмалақ» спорттық ойынынан турнир өткізіп, шебер байланыс жасалды. Палешко Т.А., Алимбаева Г.Б ұйымдастыруымен ақын, сазгер Абайдың өлеңдеріне байланысты «Саусақ терапиясы» ұйымдастырылып, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы туралы мәліметтермен студенттер мен оқытушыларға психолгиялық ахуал тудырды. Үлкен үзіліс уақытын да бос  жібермей Бейсенбаева Г.Г. М-41 тобының студенттерімен «5 минутта үйретемін» атты шеберлік сыныбында  студенттер мен қатар мұғалімдерге гүл, бетбелгі жасау техникасын үйретті. Сондай-ақ Абай Құнанбаевтың 3 күйі орындалды. Ал Овражко М.Е, Мыңжасарова Д.Н «Көңілім әнді ұғады» атты караокеде Абай өлеңдерін шырқатып колледжімізде музыкалық атмосфера орнатты. Әрине бұнымен қызық пен шығармашылыққа толы күніміз тоқтатылып қалмай Буртулева З.А ұйымдастыруымен  М-41, У-41 топтарында «Абайды білмек керек ойлы жасқа» атты 45 қара сөздеріне қатысты сайысқа ұласты. Волошко В.И мен Боханова А.Б. қалыспай «Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін» атты студенттермен мәнерлеп өлең оқудан сайыс өткізді. Бұл сайыстың ерекшелігі көрермендер өздері бағалап, жеңімпазды анықтады.

Қортындылай келе дәл осындай іс- шаралардың арқасында  ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абайды бүгінгі жастар мәңгі есте сақтамақ.

Ссылка фотографий: https://www.facebook.com/media/set/edit/a.202753371107818/

Кафедрасы педагогики и психологии

Read 2100 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео