Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 27 ақпанның 2020 09:01

Балаға бұрын игерілмеген дүниені мейіріммен және махаббатпен игеруге көмектесіңіз

Rate this item
(75 votes)

2020 жыл президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен еріктілер жылы болып жарияланды. Осыған орай, Қостанай педагогикалық колледжінің Ак-11 тобының студенттері "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына" баруды ұйғарды.

Бұл орталықтың мақсаты: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қандас отбасына оралғанға дейінгі кезеңге әлеуметтік қызмет көрсету. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, балалардың даму, әлеуметтену және бейімделу процестерін ұйымдастыру, танымдық, мәдени-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-шараларына қоса, балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру орталықтың міндеттері болып саналады.

Студенттер аталған мекемеге бара отырып, өзінің бар күш-жігері мен назарын толықтай осы процесске сала білді. Тек олардың көңіл күйін көтере қоймай, бүлдіршіндердің интеллектуалды құлшынысына серпін берді.                               Сценарий құру барысында біз балалардың жасы мен қызығушылығын ескере отыра, оларға қажетті әрі қызық мәліметті жинақтадық. Әр балаға жеткілікті көңіл бөлінгендіктен, олар өздерінің жүректерін аша білді. Алғаш келген сәтте біз олардың ұяңдығынан сескендік. Алайда, уақыт өте біздің күдігіміз сейілді. Әр баланың қасиеті, мінезі және ерекшелігіне сүйене отырып, студенттер өзінің педагогикалық ілімдерін пайдалана, оларды жағымды әрекеттерімен баурап алды.

Балалар жер шары халқының санының басым көпшілігін құрайды. Бала дамуы болашақ ересек адамның рухани және практикалық іс - әрекет аймағының, оның бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің дамуының өзекті алғышарттары болып табылады. Сондықтан, балаларға көмектесу мен оларды қорғау біздің міндетіміз. Әрқайсымыз баланың бір күнін өзгерте алатын күшке иеміз. Бір күн болсада, бұл уақыт ішінде бала өзінің жалғыз емес екенін сезінеді. Дәл солай біз балаларға өзіміздің уақытымызды бөліп, келгенімізге қуаныштымыз. Біздің осы орталыққа соңғы баруымыз емес, келешекте мекеме басшыларының ұсынысы бойынша «8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнің» ұйымдастыруға ат салысамыз. 

Қостанай педагогикалық колледжі

Ақ-11 тобының студенті Ибраева Ш.К.

Жетекшісі: Таскенова А.Б.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео