Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сенбі, 13 маусымның 2020 11:34

«Қолданбалы шеберлік дизайнері» кафедрасы бізге шаттық сыйлады Театр қуыршақтар үйірмесінің жетекшісі: Рахпанова Б.Г.

Rate this item
(0 votes)

Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны  «сиқырлы өлке» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов

«Театр- адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері- тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна  театр ерекше рөл атқарады. Кез келген педагог өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда  мәнерлеп оқу пәні оқытушыларының рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор. Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің тіл дамыту, балалар әдебиеті мен мәнерлеп оқу сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын.Жалпы студенттерді театр мәдениетіне баулу. Театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ  және тағы басқа) түрлерін меңгеру.

 

Осы  себеппен мен театр қуыршағын жүргізіп келемін.Біріншіден студенттердің қаншалықты ертегіні сомдау қабілеттерінің бар екенін ,екіншіден олардың ортада ұстауын байқау. Ал үшіншіден студенттердің әр ертегінің мазмұнын мәнерлеп айту, ойнау,нақышына келтіріп сөйлеу, ол өзіміздің кәсіби мамандығымызға өте қажет.Театр қуыршақ үйірмесіне жиырмадан артық 1,2 және 3 курс студенттері қатысады.

 

Кез келген ертегілерді сомдау үшін оған сценарий жазамыз және қуыршақтар дайындаймыз. Әсіресе бізге қуыршақтар дайындау өте қиынға түседі, себебі материа керек,әрі қаржы жағынан қиналатын студенттер бар. Биыл біздің колледжіміздегі Қолданбалы шеберлік дизайнері(Дизайнер прикладного мастерство) кафедрасынан ұсыныс түсті.Мемлекеттік дипломды қорғауға менің театр үйірмеме қуыршақтармен ширма жасап беруді жөн көрді.Бұл біз үшін үлкен қуаныш болды.Міне 1,5 ай ішінде ДПМ – 41 тобының студенті Божина Валерия бізге арнап 12 дана ( әже,ата, қыз бала мен ұл бала, түйе,бота,қасқыр, мысық,ит, лақ,ат,сиыр) қуыршақтар жасап берді.Қуыршақтары талап сай, қолға киюге ыңғайлы,жеңіл және көркем сәнді безендірілген.

Маталарының сапасы өте жақсы.Божина Валерия мен жетекшісі Джаканова Айнаш Мусабаевнаға алғысымыз шексіз.Қуыршақтарды қолымызға киіп алып,үлкен шаттыққа кенелдік. Қуыршақтарымызбен ойнауға ыңғайлы болсын деп ширма да жасалды.. Қозғалмалы сахнаны (ширма) ДПМ – 41 тобының студенті: Герб Павел жетекшісі  Салыков Жанибек Жакиевич қолдауымен жасаған болатын.Қозғалмалы сахна қазіргі замануй талапқа сай жаңа сапасы жақсы материалдан жасаған.Қозғауға ,жылжытуға өте ыңғайлы, әрі жеңіл.Әр студенттің артында тұрып ойнауына жағдай жасалған.Келесі жаңа оқу жылында қуыршақтарды қайдан алсам екен деп уайымдамайтын болдым.Жаңа оқу2020 жылды ж«Қолданбалы шеберлік дизайнері» кафедрасымен сабақтастықта жұмыс істейміз деп ойлаймын.

 

 

Read 771 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео