Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 11 қыркүйек 2020 11:46

«Жаңа формат - жаңа тәжірибе»

Rate this item
(9 votes)

 Білім күні … Жас жүректердің дүрсілі. Бұл күні біреулер мектеп табалдырығын алғаш аттаса, біреулер жоғарғы және орта оқу орындарына қадам басуда. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды.

Көптен күткен күн. Осы жылғы оқу жылы басқаша басталды. Қоңырау дауысы, гүл шоқтары, салтанатты жиынға жиналған қауымның орнын онлайн білім порталдары мен бейне-құттықтаулар алмастырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар үшін өте маңызды, жауапты кезеңін, біз, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері дистанциондық жаңа форматта бақылау машықтамасын өттік.

 Аталғандай «Мектептегі баланың алғашқы күні» бақылау машықтамасын 2020 жылдың бірінші қыркүйегінен  бесінші қыркүйек күндері аралығында баланың мектептегі алғашқы күндерін бақылау, мектептегі алғашқы күндерінің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен қойылатын талаптарын зерттеу мақсатында ерекше әрі жаңа форматта өттік. «Мұғалім әрқашан барлық өзгерістерге дайын болуы керек» қағидасын алға тарта отырып, әдеттегі оқушылар мен сынып жетекшінің қарсы алуынан мүлдем бөлек күн сайын  Skype бағдарламасы арқылы машықтама бойынша әдіскерлеріміз Бейсенбаева Гулим Галибековна және Боханова Айымгүл Балтабаевнамен жиналып, түгендеу, күннің мақсаттары мен міндеттерін, тапсырмаларын талдау  жұмыстарын өткіздік. «1 Қыркүйек – Білім күні» салтанатты жиынының өткізілуі мен ұйымдастырылуын YouTube арнасынан бейнебаян бақылап, оның  құрылысын, ұйымдастыру ерекшеліктерін, маңызын, талаптары мен дәстүрлерін, мақсат-міндеттерін талдадық және 1-сыныптарда өткізілетін алғашқы сынып сағатына, басқа да пәндер сабақтарының  толық комплекстік талдауын оқушылардың танымдық процестерінің, яғни зейін, қабылдау, қиялдарын дамыту үшін жасалған жұмыстары мен маңыздылығын анықтау мақсаттарында  жасадық.  Сонымен қатар YouTube арнасы мен Google платформасындағы интернет ресурстарынан бақылау жұмыстары мен ақпараттармен танысу жұмыстарын жүргізіп, баланың мектептегі алғашқы күндерінің ұйымдастырылуын, мектепке саяхат жасауын, мектеп ережелері мен талаптарын білуін, мектеп пен оқу әрекетіне бейімделуін қамтамасыз етуде қолайлы жағдай тудыру үшін әртүрлі Bilimland.kz, IMektep.kz білім порталдарымен, оқушылардың жеке іс-қағаздарымен, өткізуге болатын тренингтер, ойындар жинақтары мен картотекаларын құрдық. Және машықтамамыздың негізгі мақсаттарының бірі мектептегі балалардың алғашқы күндерінде психологиялық- педагогикалық бақылау жүргізу. Жаңа форматқа көптеген мектептер көшкенмен, кейбір қалалық және ауылдық елді-мекендерде мектепте қатаң сақтық шараларын сақтай отырып, балалар дәстүрлі оқытылды. Біз осы маңызды мақсатты іске асыру үшін жақын жерде орналасқан мектептерден және сынып жетекшілерінен рұқсат алып, 1-сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық мінездеме жаздық, оны жазу үшін де танымдық процестерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында диагностикалық тапсырмалар дайындап, қорытындылаған болатынбыз.

 Біз әр машықтамадан өткен сайын мол тәжірибе аламыз. Осы жылғы машықтамадан бізге ұстаздар сусындап құйған теориялық білімді практикалық тұрғыда көрсетумен қатар, заман талабы форматында өзімізді сынай отырып, жаңа тәжірибе алдық.

 Қостанай педагогикалық колледжінің

4 курс студенті Ещанова Акерке

«Бастауыш білім беру»  мамандығы

Read 1923 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео