мамандарын даярлауға жоғары талаптар қойылады. «Бүгінгі маман –психологиялық-педагогикалық ілімнің негіздерін жақсы меңгерген, қоғам мен елдің саяси мақсаттарын айқын көретін, ғылыми және практикалық мол даярлығы бар, өз мамандығын жетік меңгерген адам».Келешек тәрбиешілердің мамандық даярлығы балалардың жас ерекшеліктерін, олармен жүргізілетін білім-тәрбие жұмысының мазмұны мен методикасын жақсы білу үшін қажетті анатомиялық-физиологиялық, психологиялық, педагогикалық пәндерді оқып үйрену процесінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі кәсіби жоғары білімді мамандарын қалыптастыруда түрлі конкурстар мен іс- шаралар өткізу елеулі орын алады.
Осы мақсатпен біздің Қостанай педагогикалық колледжде жылда өтетін «Жас кәсіпқойлар (Worldskills Kostanay)» Одағы (бұдан әрі–WSК) конкурсы .Бұл конкурсқа жылда Қостанай облысының түпкір түпкірінен студенттер келіп қатысады.Қатысатын студенттерге жүргізілетін ереже тәртібі алдын ала бір ай бұрын беріліп қойылады.Студенттерге жіберілетін тапсырмалар колледжде оқылатын дисциплина пәндерінің теориясы мен әдістемесіне негізделеді.
Мектепке дейінгі тәрбие құзыреттілігінің конкурстық тапсырмасы
WorIdskiIIs конкурстарды өткізу ережелеріне сәйкес құзыреттілік бойынша жарыстарға қатысу үшін осы кәсіби дағдыларды меңгерудің төменде баяндалған қажетті талаптарын белгіледі. Берілген тапсырмалар бойынша студенттер Ұйымдастырылған оқу әрекетін «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Қоршаған ортамен таныстыру»бойынша әзірлеу және өткізу, өткізу барысында әр студенттің қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің міндеттері мен жүргізілу тәртібін АКТ жабдықтарымен кіріктірілген оқу әрекетін ұйымдастыру, керекті материалдарды дұрыс таңдай білу,әзірлеу және өткізу іскерлігін жақсы меңгергенін көрсету,келесі тапсырма мектепке дейінгі ересек топ балалармен қысқа мерзімді эксперименттік жобаны әзірлеу және ұсыну(5-6жас) Тақырыбы: «Сүйем сені туған өлкем». WorIdskiIIs конкурсында әр студенттің шығармашылық қабілеттерін ,ойлау және еліне деген сүйіспеншіліктерін тексеруге бағытталған болса,одан кейінгі тапсырма дене тәрбиесінің әдістемесіне байланысты берілген.Яғни мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын бала кезінен көркем әсем болуының жолдарын,тәртібі мен жүргізілу әдістемесін көрсету. Әр жас ерекшелік топтардағы таңертеңгі жаттығудың өткізу әдстемесін ағылшын тілінде жүргізу. Бұл жерде әр студенттің замануй талаптарға сай ағылшын тілін қаншалықты жақсы меңгергенін, еркін нақты сөйлеу дағдысының қалыптасуын бақылау. Сонымен бірге «Коммуникация» білім беру саласы бойынша балалардың сөйлеу қабілетімен,ойлау және өз ойларын толық айтып жеткізу барысында,шығарманы балалардың жас ерекшелігіне сай таңдай алып,оны схналау кезінде балаға эмоциялық әсер ету тәсілдерін меңгеру ге жағдай жасауына талпынысын анықтау.WorIdskiIIs конкурсында ата-аналармен жұмыс жұмыста негізгі орын алады. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері,оның мақсаты мен міндеттерін шешу жолдарын дұрыс таңдау бұлда өте маңызды. Берілген әр тапсырма болашақ мамандардың өз маманыңың кәсіби шеберлігін көрсетуге бағытталғаны айдан анық. Әр қатысушы студенттерге WorIdskiIIs конкурсында жоғары деңгейдегі маман иесі болатынын көрсететіне сенімдімін.
Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушы:Рахпанова Багиткуль Ганиевна