Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2020 13:13

Жетістікке жету шеберлікті талап етеді

Rate this item
(7 votes)

 Бүгін 30 қыркүйек 2020 жыл Worldskills аймақтық кәсіби шеберлік чемпионат  сайысымыздың соңғы күні өтті.

 Соңғы тапсырма «Ата-аналармен қарым-қатынас» модулі болды. Қазіргі таңда ата-аналармен жұмыс жүргізілуі  ең маңызды рөл атқарады, сол себепті де ата-аналармен жұмыс түрін алған болатынбыз.

 А. Сухомлинский балалардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешідер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – деген. Сондықтан да балабақшаның ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен топ тәрбиешісі қамтамасыз етеді.

 Әр маман тәрбиешісінің ата-аналармен бірігіп  жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс екенін жақсы білеміз. Бүгінгі  5 қатысушы студенттеріміз де осы ата-аналармен жүргізілетін түрлі жұмыс формаларын алған еді.

 Мысалы: гуманитарлық колледжінің студенті:Депершмидт Д.В семинар практикум түрін алса, «Зерек» жеке меншік колледжі Момот М.И. семинар психологиялық элементтерімен, ал Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Қайрат Д.Қ. «қонақ бөлмесі» түрін алып өткізді,  Арқалық педагогикалық колледжінің студенті Русланқызы С. дөңгелек үстел формасы таңдап, Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Алексеева Е.Б.семинар практикум әдісімен жүргізді. Ата- анамен жұмыс жүргізу бұл өте қиын процесс.Ата-аналармен жақсы қарым- қатынас жасай алатын тәрбиешінің жұмысы алға басады. Соған қарамастан әр студентіміз өз жиналыстарына әзірлеме жасап,түрлі ойындармен,үлестірмелі тапсырмалар, презентациялар  қолданып,жиналыстарын жасқсы  кәсіби шеберліктерін көрсете білді, әрине кемшіліксіз болмайды, алдағы уақытта ата-аналар жұмысын ізденіп, жаңа технологияларды қолданып, мақсаттарына жететіне  сенімдіміз

 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының оқытушысы: Рахпанова Б.Г.

 

Read 1717 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео