Өзінің сабағын: психологиялық жаттығулармен бастады.Сабақтың түрі: дәріс – әңгіме . Б.Ганиевна бүгінгі сабақ тақырыбы мен және жопарымен таныстырды.
Мен өзім барлық салада өздігінен білім алу жасасын деп айтуға құқылымын деп білемін! Өзің құштарланып алған білім ғана баянды да бағалы. Білім атаулы өзіңіз ашқан жаңалық болуға тиіс.
Корней Иванович Чуковский
Жаңа сабағын К.И. Чуковскийдің сөзімен бастап,бізге әр уақытта өз білімімізді жетілдіріп,ізденуге үгіттеді.
Жоспарға сүйене отырып,Орта топтарда сауат ашу элементіне оқыту әдістемесіне тоқталып, жақсы түсінік берді.Өз сабағында презентация көмегімен мектепке дейінгі мекемелердегі орта тобынан бастап сауат ашуға үйрету басталатыны және олардың
негізгі заңдылықтары :тіл сөзден тұрады; сөз ұзын және қысқа болады; -сөз көп, заттардың аты және оның белгілері, заттар іс-әрекеті; олар дыбыстан тұрады; сөзден сөйлем құрауға болады;сөзде дыбыстар әр түрлі естілетіні туралы нақты айтып түсіндірді. Түсіндіру барсында дидактикалық ойындар қолданды,суреттер.
Дыбыс деген ұғымның ерекшелігін жақсы түрлі дыбыстар шығару әдісін қолданып, негізгі тілдегі дыбыстарға сипаттама берді.
Сөз және дыбыс сөзінің ерекшелігіне тоқталып кетті.Сөз бен дыбысты да «Суретті ата» дидактикалық ойынның көмегіме дәлілер түсіндірді.
Келесі жоспар бойынша сөзді интонация арқылы бөлу және дыбыстарға талдау жүргізу әдістемесін көрсету арқылы түсіндірді.Б.Ганиевна сабақты қортындылап,жақсы қатысқан студенттерге алғыс білдірді. Б.Ганиевна өз мақсатына жетті..Қолданған көрнекіліктері эстетикалық жағынан көркем,бояуы қанық. Бүгінгі сабағы өте қызық,әрі түсінікті болды.
Т- 31 топ студенті: Калелова Айда