Мақсатым: Студенттерді ортаға шығып өз ойларын толық әрі қысылмай айтуға баулу, есте сақтау мен сөйлеу шеберлігін арттырып,бойларында артістік қабілеттерін дамыта отырып,мейірімділікке тәрбиелеу.
«Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы» деп Шәкен Айманов айтқандай, қоғамның әр мүшесі – актер ойнаған образдың сахналық жиынтығы- дей отырып,біздің мектепке дейінгі мекеме бөліміндегі оқып жатқан әр студенттердің бойында актерлік шеберлік болуы қажет деп санаймын.
Қазіргі таңда менің үйірмеме 15 студент қатысып жүр, олар 1- 2- 3 курс студенттері.
1 курс студенттері тек ғана театр дегеніміз не? және тек сценарий мен танысып жатыр.
Қазір студенттермен зум, ватсап және скайп арқылы ертегілердің сценарийлерін таңдап,ролдерге бөліп, дайындап жатырмын.Әрине бір бірімізді көрмегесін,қарым- қатынас жасамағасын өте қиын. 2- З – 4 курс студенттерімен жеңілірек, ал 1 курспен жұмыс жасау қиындау.Қазір мен сіздерге студенттердің өздері онлайнмен түсірген ертегілерін ұсынамын.
1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін орындаған Т-41 топ студенттері: Агибаева А. және ҚайратД.
2. «Шалқан» ертегісі орындаған Т-31 топ студенті: Әбдіғали Р.
3. «Бауырсақ» ертегісі Т-31 топ студенті Мұратбек Ә.
Алдағы мақсатым барлық студенттерді қосып бір ертегіні онлай желісіне шығару.
Театр қуыршақтары –үйірмесі (кружок )
Жетекші: Рахпанова Б.Г.