Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 23 қараша 2020 16:43

Қашықтан оқыту – заман талабы

Rate this item
(19 votes)

 Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі  түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты

бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі еліміздегі оқу орындар Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр.

Осыған байланысты біздің де білім мекемеміз Platonus платформасында, яғни білім порталында қашықтықтан оқытуды жүзеге асырып жатыр. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.

Қашықтықтан оқыту әрине студенттермен  көзбе-көз ақпарат алмасуға, әркімнің көңіл күйін білуге мүмкіндік бермейді. Қашықтықтан оқыту технологиясын сапалы жүзеге асыру мақсатында әр педагог шығармашылық ізденіс үстінде.Олар (zoom,Skype) арқылы онлайн, бейне сабақтарды сауатты  жүргізу және жасау әдістерін меңгеруде.

 «ZOOM» - бұл ыңғайлы функционалдығы бар қарапайым және интуитивті платформа. Нақты уақыттағы кері байланыс, практикалық сабақтар, дәрістер, презентациялар, суреттер, бейне және аудио материалдар, сауалнамалар арқылы онлайн-чат өткізуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның маңызды қасиеттерінің бірі - бағдарламаның қауіпсіздігі, 100 адамға дейін аудиториямен қамту, коммерциялық қол жетімділік

 Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен студенттеріміз әлемдік ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғасыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.

 М-21 тобының студенті Исмагулова Асем

 

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео