Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сенбі, 28 қараша 2020 15:28

Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!

Rate this item
(18 votes)

«Заманауи әлемде елдің қуаты

ең алдымен азаматтарының

білімімен өлшенеді»

Н. Ә. Назарбаев. 

Ел болашағының баянды болмағы бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты. Біз еліміздің ғылымы мен технологиясының дамуына, «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асыруға үлесімізді қосу үшін болашақ мамандығымызды дұрыс таңдай білуіміз керек екен. Елімізде білім алу үшін  барлық жағдайға  жол  ашық. Міне  сол  білімді саналы  түрде игере отырып, Отанымыздың  бір тетігіне  сапалы  маман  болып  қалану – біздің  басты  парызымыз.

Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандықтың  бәрі  жақсы. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті қажет ететін маңызды іс және адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, жүрегінің қалауына сүйену керек. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді.  Қазіргі таңда мамандықтың түрі өте көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады. Осы орайда Қостанай педагогикалық колледжінде №9, №122 Қостанай қалалық мектептері мен Ұзынкөл аудандарының оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өтті. Онда оқушылар мамандық түрлерімен, олардың міндеттері мен қызметтерінің ерекшелігімен танысты.  Оқушыларға  Қостанай педагогикалық колледжіндегі мамандықтар туралы ақпаратты орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы А. Кудиярбекова берсе, практикадағы дағдысымен У-41 тобының студенті Бурлачук Владислава  ой бөлісті. Ак-41 тобының студенті Айсаев Асхат оқушылармен көңілді ойындар өткізді. Сонымен қатар мамандық құндылығы туралы түсініктері кеңейіп, әңгімелесу барысында оқушылар өскенде кім болғылары келетіндерін айтып, ой бөлісті. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.  Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін.

Бүгінгі біздің оқу орнымыздың «Ашық есік» күніне келіп, қуанышымызға ортақтасқан құрметті қонақтар мен мектеп оқушыларына айтарымыз: Бізге оқуға келіңіздер, сіздерге есігіміз әрқашан ашық! Колледж есігі сіздер үшін ашық!

Филология кафедрасының оқытушысы

Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Read 2329 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео