«Қостанай педагогикалық колледжі» мекемесі 2020 -2021 оқу жылына мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдау жасауына кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында 26 қараша мен 30 қараша аралығында онлайн форматында ZOOM платформасында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Оған Қостанай қаласының № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 16, № 17, № 18, № 20, № 22, № 23, № 25, № 122 мектептерінің, Қостанай, Сарыкөл, Федоров,Б. Майлин, Жітіқара, Қарабалық, Алтынсары, Ұзынкөл, Қарасу, Наурызым, Меңдіқара, Денисов, Амангелді, Әулиекөл, Қамысты аудандарының 9-11 сынып түлектері шақырылды. Үш күнде барлығы 525 оқушы қамтылыды. Ашық есік күні барысында оқушылар колледждің өмірімен танысып, әртүрлі презентациясылар, бейне роликтер көрсетіліп, болашақ талапкерлерге педагогикалық мамандықтары бойынша ақпарат берді. Сонымен қоса оқуға қабылдау ережелері таныстырылды. Колледж қабырғасында білім алып, қазіргі таңда өз білімдерін тәжірибемен ұштастырып жүрген осы оқу орнының студенттеріне сөз кезегі беріліп, өздерінің таңдаған мамандықтары туралы баяндады. Мамандықтары ұнайтынын, колледж өмірінің қызықты екенін айтып өтті.
Оқушылармен кері байланыс алу үшін ойын ұйымдастырылды, ол оқушылардың шынайы қызығушылығын тудырды, олар белсенді қатысып, ойында айтылған сұрақтарға жауап берді. Содан кейін тестілеуден өту ұсынылды, оның барысында болашақ студенттер өздерінің кәсіби бағдарларын анықтай алды.
Презентациямен жұмыс аяқталғаннан кейін оқушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар қою ұсынылды. Бұл іс-шараға тек қыздар ғана емес, сонымен қатар жігіттер де қатысқанын атап өткім келеді, Бұл Қостанай педагогикалық колледжі ұсынатын мамандықтарға оқушылардың қызығушылығын білдіреді.
Біздің жұмысымыз бекер жүргізілмегеніне және келесі оқу жылында Қостанай педагогикалық колледжінің қатары жаңа шығармашылық және білімқұмар студенттермен толықтырылатынына сенеміз.
Қостанай педагогикалық колледжінің
қабылдау бөлімінің жауапты хатшысы
Сейлова Ляззат Алдабергеновна