Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 15 желтоқсан 2020 17:57

«Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы»

Rate this item
(19 votes)

 Барлық халық, ұлт өкілдері еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, демалуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаны деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне,

байлығына, жынысын, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтың құқықтарына нұқсан келтірмейді. Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи өзгерістердің жүзеге асыруына негіз болды. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи өзгерістерге толы болды.Т-11 топ студенттерінің белсенділерімен және кураторымыз Б.Ганиевнамен бірге «Тәуелсіздік ұлттың көшбасшысы» - атты куратор сағаты зум бағдарламасында  12.12. 20 күні  өткізген болатынбыз.Барлығы қатысқан -23 студент.Біздің негізгі мақсатымыз: Өзіміздің туған жерімізге деген патриоттық сезімізді кеңейту және еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Бірінші сөз кезегін кураторымыз Б.Ганиевна алды.Ол кісі бізді келе жатқан мерекемізбен құттықтап, әр қайсымыздың еліміз отанымыз үшін жақсы оқып,болашақта елімізге үлкен еңбек жасайтынына сенімді екенін айтып өтті.Одан кейін сөз кезегін студенттер алды.Акбаева А. – презентация қосып, еліміздің тарихына шолу жасады.Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық деп сөзін аяқтады.Осыдан кейін барлық топ студенттері қазақ және орыс тілінде тәуелсіздік мерекесіне арнап тақпақтарын оқыды.Бұдан кейін сұрақ –жауап әдісі болды.Сұрақтар осы тәуелсіздікке байланысты 7 сұрақ қойылды.Келесі сөзді Кумарбекова А. алды ол Қ.Рысқұловтың ерлігі мен оған қойылған ескерткіш туралы көрсетіп айтып берді.Одан кейін мақал- мәтелдердің жалғасын тап ойыны ойналды.Студенттер белсенділік танытып отырды.Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.

 Т-11 топ студенті: Жаугашты Алтынай

 

 

 

Read 1831 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео