Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Дүйсенбі, 25 қаңтардың 2021 19:08

Филология кафедрасы апталығының ашылуы

Rate this item
(30 votes)

"Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған" - деп жазды Ыбырай Алтынсарин. Осындай ұранмен филология кафедрасы пән апталығының жұмысын бастады. Апталықтың мақсаты: филология кафедрасы оқытушыларының қызметі арқылы тілдік құзыреттілікті дамыту,  диолгтік оқыту, ойын түрі. Білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту.

2021 жылдың 25 қаңтар күні филология кафедрасының салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанаты колледж оқытушылары мен студенттеріне ҚПК YouTybe каналы арқылы көрсетілді. Ашылу салтанатын 1 курс студенттері М-11 тобының студенті Абдирова Аружан мен Ар-11 тобының студенті Кусаинов Сұлтан жүргізді. Биылғы 2021 жылы қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің  180 жылдық мерейтойы. Осыған орай Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі сахналанып, жастарды ең құнды қасиеттерді: махаббат, құрмет, шыдамдылық, жан тазалығын сақтауға және арттыруға шақырып, сонда айналамыздағы бүкіл әлем таза, мөлдір бұлақ сияқты өзгеретіндігі жайында үндеу айтылды. Содан соң кафедра құрамы туралы мәлімет берілді және апта бағдарламасы таныстырылды.

Бірінші күніміздің екінші жартысында филология кафедрасының оқытушысы Юсова Л.В. «Научу за 5 минут» шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбы ZOOM бағдарламасы арқылы өтті. Шеберлік сыныбын өткізудің мақсаты: кейбір сөздердің орфоэпиялық нормаларын түсіндіру. Күнделікті өмірде дұрыс қолданылмайтын сөздер туралы ақпараттандыру. Сауатты, білімді мұғалім студенттерге үлгі, сондықтан өткізілген шеберлік сыныбы өз пайдасын тигізеді деп үміттенеміз.

Кенжегарина А.А.

Филология кафедрасының

меңгерушісі

Read 1107 times Last modified on Сейсенбі, 26 қаңтардың 2021 21:30

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео