Сайыс қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, қазақ балаларын оқу-білімге баулыған, оқулық жазған, кемеңгер ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналды. Осы сайыс арқылы студенттеріміз Ыбырай атамыздың халқына жасаған қызметтері туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдете түсті. Сайысқа Т-21, М-21, Ак-21 топтарының студенттері қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Студенттер әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы өз топтарының қоржынына ұпай жинап, өз білімдерін шыңдай түсті. Ойын соңында әділқазылар алқасы топ студенттерінің жинаған ұпайларын санап, әділ бағаларын берді. Сайыста М-21 тобы І орынға, Ак-21 тобы ІІ орынға және Т-21 тобы ІІІ орынға ие болды. Алдағы уақытта студенттерімізге сәттілік тілейміз.
Филология кафедрасының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сейлова Ляззат Алдабергеновна