Қостанай педагогикалық колледжінің Филология кафедрасы күні аясында колледж студенттері арасында TedX форматындағы видео- дәріс байқауы ұйымдастырылды. Студенттерге төмендегідей үш бағыт ұсынылды:
- Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы.
- Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі
- Бастауыш сыныптарға білім беру барысына қажетті өзгеріс.
Аталмыш, бағыттар негізінде жалпы көлемі 5 минуттан аспайтын проблемалық сұраққа жауап іздеп, өзінің ұсыныстары мен толықтыруларын жасауға арналған бейнеролик ұсыну тапсырылған болатын. Байқауға колледжіміздің 18 студентті қатысып өз бақтарын сынады. Филология кафедрасының оқытушыларынан жасақталған әділқазылар алқасының шешімі бойынша мына студенттер жеңімпаз деп жарияланды.
І орын Сайкенов Хаджи-Мукан, Кусаинова Ангелина Ар-31 тобы.
ІІ орын Гажа Кристина У -31 тобы.
ІІ орын Сандыбекова Жансая М-21 тобы.
ІІІ орын Қаби Қаламқас М-21 тобы.
ІІІ орын Феданова Дарья, Шаймерденова Аружан Ар-31 тобы.
Шешім шығару барысында студенттердің проблемалық тақырыпты дұрыс таңдай білуі, сөйлеу тілінің тазалығы мен ұсынған идеялары баса назарға алынды. Студенттеріміздің белсенділігі мен ұшқыр ойларын ескере отырып, алдағы уақытта белсенді жұмыс жасаймыз деп ойлаймын.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!