Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 28 қаңтардың 2021 15:27

КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!

Rate this item
(41 votes)

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық !

2021 жылдың 28 қаңтар күні  филология кафедрасы апталығы қарсаныңда колледжіміздің 1 курс студенттері   Ыбырай атамыздың  «Кел,балалар, оқылық»  атты ұранын ұстана отырып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды.   Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Олай дейтін себебіміз, Ыбырай Алтынсаринге дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай жас ұрпаққа  дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен білімге баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Осы ұстанымды біздің колледжіміздің студенттері бойларына дарытқанына сенімдіміз.

Бейнебаянды мына сілтеме арқылы көре аласыздар https://youtu.be/y3XkMvsTNWU

Филология кафедрасының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жармухамбетова  Алдынгуль  Алдабергеновна

Read 3379 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео