Жиналыс барысында «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ ұсынған әдістемелік нұсқаулық негізінде бүгінгі тандағы өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау тақырыбы талқаланды. Қостанай қаласының психологиялық қолдау орталығының есептеуі бойынша облыс бойынша 2019-2021 жылдар аралығында оқушылар мен студенттер арасындағы суицид саны 23-ке жеткен. Ата-аналармен диалог құру барысында сиуцидтік мінез-құлық белгілерін анықтау бойынша, аутодискруктивті мңнез-құлықты балалармен жұмыс бойынша және алдын-алу жұмыстары бойынша әдістемелік ақпарат берілді. Сонымен қоса, ата-ана мен балаларға арналған сенім телефондары таратылып, психологиялық көмек алу бойынша мәлімет талқыға салынды. Колледждің әлеуметтік-психологиялық қызметі аутодиструктивті студенттерді уақытылы анықтап, топ жетекшісі мен ата-анамен тығыз байланыста суицидтік әрекетті алдын-алу бойынша жұмыс атқаруда.
Жиналыс барысында ата-ана тарапынан айтылған ұсыныстар үшін алғыс білдіріле отырып, айтылған мәліметтің бүгінгі таңда қажеттілігі жоғары екені ерекше айтылды.
Алимбаева Г.Б.,
педагогика және психолгия
кафедрасының оқытушысы