Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 25 ақпанның 2021 17:37

Қостанай педагогикалық колледжіндегі ашық есік күні!

Rate this item
(20 votes)

2021 жылдың 22-25 ақпан күндері аралығында  Қостанай педагогикалық колледжі  мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы  өтетін «Ашық  есік» күні мерекесін ZOOM платформасында қашықтықта ұйымдастырды.

Оған Қостанай қаласының  № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8,  № 9, № 10,  № 15, № 17,  № 19, № 20, № 22,  № 23, № 25, № 30, № 122 мектептерінің, Қостанай, Сарыкөл, Федоров,Б. Майлин,  Жітіқара, Қарабалық, Алтынсары, Ұзынкөл, Қарасу, Наурызым, Меңдіқара, Денисов аудандарының 9-11 сынып түлектері шақырылды.
«Ашық  есік» күнін ұйымдастыру мақсаты – Қостанай педагогикалық колледжіне   талапкерлерді оқуға шақыру. Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және  Қостанай педагогикалық колледжінде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді. Осы жерде колледжде оқып жүрген студенттер оқушыларға студенттік өмірге және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтып, оқушыларға біздің колледжге оқуға келуге кеңес берді. Оқушылар колледждегі өздерін қызықтыратын мамандықтар бойынша толық ақпарат алып, сонымен қатар колледж туралы бейнебаян көрді. Барлық мектептерге  колледждегі мамандықтар  бойынша ақпарат беретін сілтемелер мен бейнебаяндар жіберілді. «Ашық  есік» күні бағдарламасын қорытындылау мақсатында оқушылармен әртүрлі ойындар өткізілді. Талапкерлер алдында  колледж студенттерінің  өнерлері  көрсетілді.  «Ашық есік» күні жоғары деңгейде өтті.

Қостанай педагогикалық колледжінің
қабылдау бөлімінің жауапты хатшысы
Сейлова Ляззат Алдабергеновна

Read 1984 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео