Онлайн форматтағы семинарға барлығы 42 мұғалім қатысты. Қостанай педагогикалық колледж оқытушылары да тыңдаушылар қатарынан табыла білді. Интерактивті оқыту режимінде өткен семинарда тыңдаушылар өзара сұрақ-жауап алмасып, тәжірибелі дәріскерден жауаптар алып, кері байланыс жасалды. Тыңдаушы ұстаздар да өз тәжірибелерін айтып, қазіргі уақыттағы жасалынып жатқан іс-әрекеттерімен, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Қазіргі білім беру салаларында қолданылып жүрген ағылшын тіліндегі оқулықтардағы спиральді оқытуды ұйымдастырудың практикалық сабақтары ерекше құнды болды. Ағылшын тілі мұғалімдерінің осындай тәжірибе жүзінде өтетін семинарлары өз жалғасын табады деп сенеміз.
Молдахметова Г.М.
«Тілдер» кафедрасының оқытушысы