Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 03 наурыздың 2021 13:28

Педагогтардың психолоиялық –эмоционалды күйзелуін алдын алу

Rate this item
(7 votes)

Қазіргі заман ағымы қоғамның барлық салаларының мамандарына психологиялық жүктеме салуда. «Қайтсем де бәсекеге қабілетте боламын, барлық жоспарларымды іске асыра аламын» жолында эмоционалды күйзеліске шалдығып жатады.

Эмоционалды күйзеліс - жұмыс істейтін адамның тұлғалық ресурстарының эмоционалды шаршауына әекелетін созылмалы стресстің әсерінен дамитын синдром. Біздің қоғамымыз психолог мамандардан көмек алуға әлі дайын емес пе, әлде ол мамандарға сенімі жоқ па, әйтеуір кәсіби көмек алуды жөн көрмейді. Өкінішті-ақ! Алайда, психолог мамандар проблеманың түпкі себебін ашуға көмектесіп, одан шығу амалдарын кеңес ретінде ұсына алады.

Педагогика және психология құжырасының апталығында біздің колледждін әлеуметтік серіктесі №20 қазақ орта мектебінің жантанушысы Сафина Әйгерім Ғалымқақызы колледждің оқытушыларымен «Эмоционалды күйзелістің алдын алу» тренингін өткізді. Тренинг арқылы оқытушылар демалу әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасады. Тренинг барысында экспресс- диагностикадан өтіп күйзелістің қандай деңгейді тұрғанын анықтады. Күйзелістің пайда болу себептерінің статистикасымен танысып, мамандардың көбі осы күйзеліске шалдығатынына көздерін жеткізді. Жұмыс жасау барысында бұл заңды құбылыс деп те айтуға болады.

Енді кәсіби күйзелісті алдын алу шараларына келетін болсақ:

  • Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау;
  • Қажетсіз бәсекелестіктен аулақ болу;
  • Эмоционалды қарым-қатынас;
  • Уақытымен жұмыстан бас тартып, демалу;
  • Өзін-өзі реттеу дағдыларын меңгеру;
  • Біліктілікті арттыру және өзін-өзі жетілдіру;
  • Жүктемелерді қарап, бөліп тастауға тырысыңыз;
  • Жұмыстағы жанжалдарды оң көзқараспен шешуге тырысыңыз;
  • Бәрінде жақсы болуға тырыспаңыз;
  • Мазасыздықтан ең жақсы құтылу-өзіңе деген сенімділік!

Оқытушылар тек экспресс-диагностикасынан ғана өтпей, сонымен қатар психологиялық жаттығуларды орындап көрді: «Мен өзімді сол үшін мақтаймын», «Ішкі ресурстарды анықтау», «Алма ағашы» әуенді терапия, «Суреттегі ой». Осы және тағы басқа психологиялық жаттығулар күйзелісті алдын алуға көмектеседі.

2020 жылы әлемнің әр тұрғыны үшін өте қиын кезең болды. Бұл жыл адамның басты құндылығы - ДЕНСАУЛЫҚ екенін дәлелдеді. Сондықтан да ешкімге, өзіңізден басқа сіздің маман ретінде қандай деңгейге жеткеніңіз қызықтырмайды. Өз уақытында маңызды құндылықтарды еске алып, өз өміріңізді дұрыс арнаға бағыттаңыз! Әріптестер, бастарыңыз аман, шаңырағыңыз бақытты, еңбегіңіз шығармашыл жағынан табысты болсын!

Байнакатова Зияда Мендыгалиевна

Read 2885 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео