Мұғалім ұйымдастырушылық қабілетімен қоса, көшбасшы бола білу керек. Көшбасшы- адамдарды жетелейді ортақ мақсатқа бағыттайды. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
Көшбасшы деген кім? Мұғалім көшбасшылығының қандай қасиеттері бар? деген сұрақтарға жауап алу мақсатында наурыз айының 4-ті күні педагогика және психология апталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш білім беру» мамандығының М-41 тобында «Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен «Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері » тақырыбы аясында онлайн форматта ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты: көшбасшылық туралы білім алушылардың көзқарастарын қалыптастырып, мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу. Сабақта топ студенттері ZOOM платформасында топтық жұмыс жасап, мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерінің ерекшеліктерін, көшбасшы болуда қандай кедергілер болатынын және оларды жоюға арналған кеңестермен бөліскен болатын. Сонымен қатар студенттер колледж қабырғасында болашақ мамандардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыс түрлерімен, көшбасшы бола білген тұлғалар туралы бейнебаян үлгілерін талқылады.
Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Мағынаны тану» , «Ой шақыру»,статегиялары қолданылды. Студенттердің ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында Рadlet тақтасында жұмыс жүргізілді. Сабақ соңында топ студенттері бағалау критерийлері арқылы бірін –бірі бағалап, сабаққа кері байланыс жасады. Студенттер сабаққа белсенді қатысып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға сала білді.
Сөз соңында айтарым, өз ісін жетік меңгерген, ойлаған жоспарларын оңтайлы жүзеге асыра алатын, басқарушылық қабілеті бар мықты көшбасшылар дайындау біздің міндетіміз деп есептеймін.
Сандыбаева А.Б.