Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 05 наурыздың 2021 10:01

Отбасы - бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы. Ашық сабақ

Rate this item
(10 votes)

Отбасы - ұрпақтар  сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастырудың  рухани –адамгершілік бастауы. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік, мейірімділік пен махаббат мықты болса, қоғамның діңгегіде берік болады.

Отбасында әуелі сенім мен сезім, татулық пен ынтымақ, сыйластық  болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

Наурыз айының 4-ті күні  осындай бағытпен отбасылық құндылықтарын негізге ала отырып, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты орнату арқылы  дұрыс әрекет жасау мақсатында  «Бастауыш  білім беру» мамандығының  Ак-41 тобында «Педагогика» пәні бойынша «Отбасы-бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы» тақырыбы бойынша  онлайн форматта ашық сабақ өткізілді.

Сабақ  үдерісінде  «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының кейбір  әдіс-тәсілдері  қолданылды. Баланың  жақсы немесе жаман тәрбие алуы отбасы тәрбиесіне байланысты екенін оқушылар  бейнебаянды көре отырып «ПОПС формуласы» арқылы  өз ойлары мен пікірлерін жеткізе білді.Сонымен қатар сабақта  ізденіс жұмыстары мен шығармашылыққа берілген тапсырмаларды  қызыға орындады. Сабақ барысында барлық оқушылар сабаққа белсене қатысып атсалысты.

Сабақ соңында топ басшылары өз топтарындағы оқушыларға сабақтан алған білімдерін жинақтап қорытынды бағаларын айтты.

Осындай мазмұнды, тәрбиелік мағынасы бар сабақтарды жиі  өткізу оқушылар үшін өте пайдалы және тиімді  деп ойлаймын.

Молдагулова Ш.И.

Read 3718 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео