оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Осы мақсатта Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК кәсіптік бағдар беру апталығы аясында Онкүндік іс-шара өткізді. Кәсіби бағдар беру онкүндігінің салтанатты ашылуы қашықтықтан өткізілді. Сонымен қатар «Біздің колледжді таңда!» кәсіптік бағдар беру бойынша бейне байқау конкурсы өткізілді. Конкусқа колледжден 12 топтың студенттері белсенді қатысты. Бейне байқау конкурсында І орынға РТК-31 тобының студенттері мен кураторы Доспанова Салтанат Муратовна ие болды. Ал ІІ орынға У-41 тобының студенттері мен кураторы Юсова Лилия Владимировна. ие болса, ІІІ орынға Т-31 және Ак-31 тобының студенттері мен кураторлары (Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна, Арыстан Нұралы Нұрланулы) ие болды.
Облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауына филология кафедрасының оқытушысы Ткаченко Татьяна Евгеньевна қатысуда. Татьяна Евгеньевнаны қолдау мақсатында әлеуметтік желілерде ақпараттар жарияланды және оқытушылар мен студенттер қолдау көрсетті.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Онкүндіктің жабылуында 42 қатысушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Атап айтсақ, 33 студент және 9 оқытушы.
Қостанай педагогикалық колледжінің
қабылдау бөлімінің жауапты хатшысы
Сейлова Ляззат Алдабергеновна