Бұл кездесудің мақсаты атауынан аңғарылып тұр, 80-ге жуық оқушылар мен студенттерді қамтитын аталмыш басқосу – жастардың белсенді, құзыретті тұлғалармен жүздесіп, өздерін толғандыратын мәселелерді бірлесе талқылап, білім көкжиегін кеңейтуге, белсенді өмірлік ұстанымын дамытуына мүмкіндік берді. IT-сессияның басты кейіпкері кәсіби тәжірибелі психолог, арт-терапевт, ерікті, жеке өсу жаттықтырушысы Алексанин Владимир Вадимович болды.
Ол студенттерге өзі, жұмысы, қиыншылықтар мен оларды еңсеру, іске асырылып жатқан жобалар мен болашаққа жоспарлар, буллинг, кибербуллинг және олармен қалай күресу туралы, "Мигдаль" қоғамдық бірлестігі және еріктілер қозғалысына қатыуы туралы айтып берді.
Ашық әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды, ал қонақ болса оларға қуана-қуана жауап берді.
Өмірден лайықты орын таба білу, қаражат табу, өзін-өзі дамыту және өзге де маңызды мәселелер қозғалды. Кездесу әсерлі өтті, өз ісін құлай сүйетін, өмірге құштар жанның әңгімесі жастар санасына қозғау салып, жадында қалар анық.
Қызықты, табысты адамдармен өзара іс-қимылдың мұндай нысаны ересек өмірдің табалдырығында тұрған студенттердің алдында әртүрлі кәсіптердің барлық құпиялары мен қыр-сырын ашып қана қоймай, сонымен қатар өзінің болашағы туралы ойлауға, өз құндылықтарын қайта қарауға көмектеседі.
Владимир Вадимовичпен жүздесіп, емен- жарқын әңгіме құру өте қызықты, тартымды болды, сондықтан Қостанай облысының балалар өкілдіктерінің мүшелері өздері үшін көптеген пайдалы нәрселерді білді және өздерінің білім беру ұйымдарында алған ақпаратпен бөлісе алады деп ойлаймыз.
Г. Попова