Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« September 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Жұма, 19 наурыздың 2021 18:06

ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ ДАРАБОЗЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ

Rate this item
(0 votes)

2021  жылы 19 наурызда  Қостанай педагогикалық колледжінде Қостанай облысы білім беру  ұйымдарының облыстық Балалар өкілдіктерінің  жұмыс жоспарын жүзеге асыру шеңберінде

  «Ахмет Жұбановтың  шыңдары» атты әдеби-музыкалық  танымдық кеш өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар  эстетикалық талғамы жоғары, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына ықпал ету, жастарға  рухани-адамгершілік  тәрбие беру мақсатын  көздеді.
Аталмыш мәдени басқосуға Қостанай облысының білім беру ұйымдары Балалар өкілдіктерінің  өкілдері, балалар ұйымдарына жетекшілік ететін білім беру ұйымдарының  қызметкерлері, Қостанай педагогикалық колледжінің 1 және 2 курс студенттері,  мектеп оқушылары қатысты.
Әдеби-музыкалық сағат музыкатанушы-ғалым, Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор Ахмет Жұбановтың 115  жылдығына арналды. Мұндай мәдени іс-шаралар қазіргі жастарымыздың эстетикалық талғамының дамуына, музыкалық өнерге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлы Дала елінің тамаша  мәдениет қайраткерінің  мұрасымен танысу, алтын қорымызда сақталған музыкалық  шығармаларын тыңдау, сезіну мәдени құндылықтарымызды танып-білуге,ұлттық өнерімізді бағалауға , ұлы тұлға тағылымынан нәр алуға, әсемдікті  сүюге жетелейді.

Райхан Урузбаева,
ҚПК кітапханасының меңгерушісі

Read 388 times

Media

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео