Халқының сақтай білген ізгі салтын, –
Білектей арқасында өрген бұрым ,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік , ақ тамақ , қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, - деп Абай атамыз жырлағандай ару қыздарымыздың сұлулығына келтірер теңеулер аз емес. «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі» дегендей ұлағатты сөздің қалуы аян. Әрбір ұлтта қыз баланың өзін нәзіктіктің символына, керемет сұлу құс- аққуға, жайқалып өсіп тұрған гүлге, жарқырап жанып тұрған жұлдызға теңейд.
Қостанай педагогикалық колледжінде де осындай теңеулерге сай келетін сұлу да ақылды студент қыздарымыз өте көп. Хореография кафедрасының апталығы аясында сұлу бойжеткендеріміздің арасында «Мисс-этно» байқауы жарияланды. Бұл сайыстын мақсаты түрлі ұлттардың - халық билерімен таныстыру және әсем сұлу қыздарымыздың ұлттық би өнерін тамашалау. Сайысқа қатысқан аруларымыз ұйғыр, қазақ, өзбек, абхаз т.б халықтарының ұлттық биін өз орындауларында ұсынды.
Бұл сайыстың ерекшелігі қазіргі заман талаптарына байланысты онлайн түрде өткізілді. Тағы бір ерекшелігі қатысушылар қазіргі кезде, жастардың қолданысында жиі пайдаланылатын Тик-ток бағдарламасы арқылы түсіріліп жарияланды. Қатысушылар жүлделі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері – Т-11 тобы Жанибекова Айнаш
ІІ дәрежелі диплом иегерлері – РТК-21 тобы Гриневич Алина., У – 12 тобы Корниенко Яна.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері – У-11 тобы Елчиева Аида., М – 11 тобы Абирова Аружан.
Хореография кафедрасының
арнайы пәндер оқытушысы
Шаяхметова Б.Е