Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 21 сәуірдің 2021 14:32

Педагогикалық шеберлік

Rate this item
(8 votes)

Қостанай  педагогикалық колледжі қабырғасында сәуір айының 20-сы күні  шығармашылық бастаманы дамыту, техникалық  және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары  білімді мамандарды даярлау үшін  кафедралар мен педагогтардың тәжірибесін бөлісу мақсатында "Педагогикалық шеберлік" әдістемелік көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кафедра оқытушылары мен студенттер атсалысты.

Көрме негізі үш бөлімнен тұрады:    
"Авторлық әдістемелік құралдар" - бұл бөлімде дидактикалық және көрнекі құралдар, студенттермен бірлескен түрде қолданылатын дидактикалық материалдар жиынтығы, студенттерді дербес және ұжымдық іс-әрекетке ынталандыратын шағын жабдықтары топтастырылды.    
"Авторлық электронды білім беру ресурстары" атты бөлімінде ақпараттық және интерактивті презентациялар, мультимедиялық оқыту және дамыту құралдары, практикада қолданылатын компьютерлік ойындар мен тренажерлер материалдары  кіріктірілді.    
"Дамып келе жатқан пәндік - кеңістіктік ортаны модельдеуге автордың көзқарасы". Әдістемелік көрме ұйымдастыру бітіруші топ студенттері мен жас әріптестерімізді шабыттандырды. Көрмеге қойылған әрбір жұмыстың көп жылдық еңбек нәтижесі екенін түсініп, оны пайдалануға ниет білдірді.
Ұсынылған жұмыстардың әртүрлілігі жеңімпаздарды таңдауда белгілі бір қиындық тудырды, бірақ белгіленген нақты критерийлер бұған мүмкіндік берді. Жеңімпаздарды бағалау барысында тұжырымдамалық; өзектілігі және практикалық маңыздылығы; педагогикалық міндетті шешу үшін тәсілдерді, әдістер мен құралдарды таңдаудың негізділігі; технологиялылығы және жүйе элементтерін басқа қызмет түрлеріне көшіру мүмкіндігі ескерілді.
Ұсынылған жұмыстарды бағалаушылар құрамында әкімшілік өкілдері, әдіскерлер, әлеуметтік серіктестер және қамқоршылық кеңестің мүшелері енген кәсіби сараптамалық топ жүргізді. Жұмыстың атауы, авторы көрсетіліп, қазылар алқасына ұсынылды. Көрмеге қойылған әдістемелік нұсқаулықтар  өзіндік ерекшелігі, эстетикалығы, құндылығына қарай сарапқа салынып, ең үздіктері анықталды.
Көрме аяқталғаннан кейін кафедра педагогтары  I, II, IІІ дәрежелі дипломдармен және  сертификаттарымен марапатталды. Айта кетер болсам,  I-орынды «Шетел тілі» кафедрасы, II- орындарды «Филология» мен «Математика және ақпараттық технология» кафедралары иеленді.
Ал IІІ-орынды «Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер» және «Хореография» кафедралары алды. Сонымен қатар 3 номинация бойынша : «Педагогика және психология» , «Қолданбалы өнер» және «Музыка» кафедралары   мақтау қағаздарымен марапатталды. Әдістемелік көрмеге  қатысушы барлық  ұстаздар сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!

Read 1886 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео