Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Дүйсенбі, 26 сәуірдің 2021 14:28

Жастар лигасының жеңімпаздары

Rate this item
(5 votes)

17-18 сәуір күні Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қостанай облысында «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» жобасының «Шежіре-ғұмыр» циклінің шеңберінде "Парасат" ДК А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге еліміздің 5 облысынан (Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Семей қалаларынан және Ақмола облысынан) жалпы саны 24 команда қатысуымен тартысты дода өткізілді. Осы атаушы іс-шарадан біздің колледжіміздің студенттерінен құралған «Алаш болашағы» пікірсайыс клубының мүшелері де қалыс қалмады.

Пікірсайыс ойындарынан алғаш келген немесе тәжірибесі 1 жылға толмайтын қатысушылар арасында «Жастар финалы» атты ерекше финал ойын жүргізіледі. Пікірсайыстың бұл түрі жас буынды ынталандыруға, өз қабілеттерін дамытуына үлкен серпіліс берері сөзсіз. Республикалық турнирдің жастар финалына Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері Абдирова Аружан және Қуанышова Гүлназ (М-11 тобы) қатысып, 2 орын иегерлері атанды. Өз қатарластары арасында өзіндік ойын стилін қалыптастырып келе жатқан білім алушыларды бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз.

«Алаш болашағы» пікірсайыс клубының жетекшісі:

Арыстан Нұралы Нұрланұлы

Read 1062 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео